ДИКТОР: Көкшетау қаласында облыстың этномәдени бірлестіктеріне грант табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, «Елтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды. Комиссия шешімі бойынша грант иеленгендер кімдер? Шараға қатысып келген тілші баяндайды.

РКС: Ақмола облысындағы көпұлтты тұрғындардың қазақстандық қоғамға етене араласуына жағдай жасау, мәдени құндылықтарды дәріптеу арқылы бірлікті күшейту, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, этносаралық келісімді нығайту шараның басты мақсаты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев сөз сөйлеп, аталмыш гранттар ұлттық тіл мен дәстүрді сақтап, мәдени мұраны жаңғыртуға, жастар тәрбиесіне, әлеуметтік бастамаларды қолдауға зор серпін беретінін айтты.

СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұндай жобалар жалпы этносаралық қатынастарды нығайтуда, осы салада қызмет етіп жатқан түрлі этнос өкілдерінің арасында өткізілетін бақылаудың нәтижесі. Осы саланың қызметкерлеріне, осы саладағы біздің әріптестерімізге қолдау көрсету мақсатында басқа өңірлерде кездеспейтін бірегей жобаның бірі. Бұл жобаның бүгінгі күні тиімді іске асырылып жатқанын жоғары жақта басшылықтар бәрі жақсы біліп, атап өтіп отыр. Сондықтан, осы жобамен мақтанамыз. Өздеріңіз білесіздер, ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес облысымызда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында осы этномәдени бірлестіктердің маңызды қоғамдық бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету мақсатында оларды гранттық қаржыландыру мақсатында жүзене асырылып келеді.

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Ақмола облысы ішкі саяхат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шенінде осы соңғы екі жылда мынау этномәдени бірлестіктерге арналған грант бекіткен болатынбыз. Бұл негізінен жаңағы тек қана гранттарды жүзеге асырумен мынау этномәдени бірлестіктер айналысады. Жалпы осындай жоба мынау ғылыми мынау ағартушылық ел бірлігі атты осындай жобаның аясында жүргізіледі. Жалпы республика шеңберінде бұндай жобалар жоқ. Ақмола облысы бірінші бұл жобаны бастап кеттік. Арнайы этномәдени бірлестіктерге мынау қазақстандық патриотизмді дамытуға, ел бірлігін дамытуға, осы бағытта жұмыс жасауға көзделіп отырған осындай гранттар. Олар біраз жұмыстарды жыл соңына дейін атқарады, есеп береді. Гранттар жалпы 1 млн теңгеден көзделіп отыр. Оны төрт бірлестік жеңіп отыр, жалпы 4 млн бөлініп отыр.

РКС: Комиссия шешімімен «Чинсон» кәріс мәдени, Чуваш этномәдени орталығы, Ақмола облысының татар-башқұрт бірлестігі және Әзербайжандар қауымдастығының жобалары қолдау тауып, грант иелері атанды. Әрқайсысына 1 миллион теңге көлемінде сертификат пен диплом табысталды.

СНХ: АРТЕМ МАЩИНСКИЙ, ЧУВАШ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біз үшін айтулы күн, себебі біздің облыс этномәдени бірлестіктер мен жобаларымызға арналған гранттарға қол жеткізді. Атап айтқанда, біз ұсынған чуваш этномәдени жобасы – қазақ дәстүрлерін насихаттауға бағытталған. Біздің бағдарлама үш ірі бейнеролик түсіруді көздейді. Ең алдымен, біз түсірілім сапасына, сценарий сапасына және басқа да жайттарға баса назар аударғымыз келеді. Өйткені, қазір цифрландыру үлкен орын алып отырған заманда жастар барлық ақпаратты бейнероликтер, инстаграм және әлеуметтік желілер арқылы қабылдайды. Сол себепті мен осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақ дәстүрлерін насихаттауды, қазақ жастарын чуваш мәдениетімен таныстыруды және репрессия кезінде Қазақстанға қоныстанған чуваштардың қазақ дәстүрлерін қолдап, өз өмірінде қолданып жүргенін көрсетуді жөн көрдім./

РКС: Айта кетерлігі, республика көлемінде этносаралық келісімді нығайтуға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тек Ақмола облысында жүзеге асырылып отыр. Бұл – өңірдің бірлік пен татулықты нығайтудағы жауапкершілігін көрсететін айрықша қадам. Осындай жобалар жалғасын табуы тиіс, себебі олар ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен татулықты дәріптеп, елдің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтайды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ