ДИКТОР: Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Сонымен қатар, өткен жексенбіде еңбек күні атап өтілді. Осыған орай, Бурабай ауданында арнайы форум өтті. Шара барасында Щучинск қаласының үздік еңбек династия өкілдері, еңбегі еленген тәлімгерлер мен жас мамандар марапатталды. Мереке соңы арқан тарту жарысына ұласты.

РКС: Щучинск қаласының мәдениет үйінде жұмысшы династия мен жас мамандар марапатталды. Олардың құрметіне сахна төрінде жылы лебіздер айтылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Марапатталғандардың қатарында Вячеслав Азановта бар. Ол 40 жылға жуық механик болып еңбек етуде. Шара барасында ол өзінің жетістігін тілге тиек етті.

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ АЗАНОВ, МЕХАНИК: Әскерден келіп, мен жүргізуші боп жұмысқа орналастым. "Азгард Моторс" серіктестігінде 20 жыл бойы жүргізуші болдым. Енді механикпін. Қала әкімшілігіне осындай мереке үшін алғыс айтамын. Көңіл-күйіміз керемет!

РКС: Аудан басшысы еңбек әулеттері мен жас мамандар өңір дамуына зор үлес қосатынын алға тартты.

СНХ: МЕРЕЙ РАМАЗАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бурабай ауданынынң үздік еңбек әулеттері мен тәлімгерлері іріктелді. Сонымен қатар, мәдениет үйінің бірінші қабатында жұмысшы мамандықтар жылына орай көрме ұйымдастырылды. Форум соңы арқан тартумен аяқталады. Ол да жұмысшы мамандықтар жылы мен еңбек күніне орай ұйымдастырылып отыр.

РКС: Форум соңы арқан тарту жарысына ұласты. Сайысқа 9 ауылдық округпен 1 қаладан 20 команда қатысты.

БЛИЦ: Мектепте істейтін азаматтар, орман шаруашылығында істейтін азаматтар, цемент заводында істейтін азаматтар. Міне мынандай керемет іс-шара өтіп жатыр. Осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса. Өткені бұл жерде әр ұжымға команда керек. Командалық жұмыс керек. Мына жерде арқан тартыс сайысы. Командалық жұмысты қоятын, нағыз тәртіпті қоятын, нағыз темпті қоятын нағыз осындай қазақтың ойыны. Осы ойындарды жаңғыртып, осындай қазақтың даласында мықты командалар шыға беруіне тілектеспіз.

РКС: Арқанды 200-ге жуық адам тартты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар игі дәстүрге айналып, жұмысшы мамандықтарға деген құрмет артады деген үмітте.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ