ДИКТОР: Еліміз бойынша қыркүйектің бірі мен қарашаның бірі аралығында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы қтіп жатыр. Жергілікті учаскелік инспекторлар көшелерге шығып, қала тұрғындарымен жүздеседі. Түрлі рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шараның біріне біздің түсірілім тобы да бірге барып қайтты.

РКС: Алтын Досымова Назарбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінің мүддесін қорғаушы. Қоғамдық қауіпсіздік тұрғындар мен құқық қорғау органдары ынтымақтастығының кепілі,-дейді ол.

СНХ: АЛТЫН ДОСЫМОВА, НАЗАРБАЕВ КӨШЕСІ №55 ҮЙДЕГІ МҮЛІК ИЕСІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Көп ретте пәтер жалдаушылармен сұрақ туындайды. Түрлі жағдай орын алады. Сол мезетте учаскелік инспектордың көмегіне жүгінеміз. Ешқашан бетімізді қайтарған емес. Кей кездері қоқыс жинайтын арнайы көлік аулаға кіре алмай қалады, бөтен көліктер кептеліс жасайды. Онда да бірден осы кісілерге қоңырау шаламыз. Кез келген мәселеміз аяқсыз қалмайды. Үнемі байланыстамыз.

РКС: Шара брасында тәртіп сақшылары Көкшетау қаласы бойынша 20 мыңнан астам пәтер мен жеке меншік үйді аралады. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері 2 мыңға жуық саяжай аумағындағы үйлерді де қамтыды.

СНХ: МАҚСАТ ТОРСАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Біз үшін қазіргі кезең ерекше жұмыс істейтін уақыт. Жекеменшік сектор мен көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, отбасы мүшелерімен әңгімелесеміз. Тұрғындарды қандай мәселе толғандырады, біздің аумақта кімдер тұрады. Олардың білу біз үшін маңызды. Көмекке, қолдауға мұқтаждарды анықтау. Тұрмыстық құқық бұзушылық, отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударамыз. Жасөспірімдермен, жастармен жұмыс істейміз. Тұрғындармен серіктес ретінде бірлесіп жұмыс істегенде ғана нәтиже болады. Сондықтан біз қашан да кері байланысқа шығуға дайынбыз. Кез келген уақытта бізге хабарласуға болады.

РКС: Қыркүйек басталғалы облыс орталығында кәмелетке жасы толмаған 80 жеткіншек, 800-дей есепте тұрған адам мен 500-дей азаматтық қару иесі ұсталды. «Учаске» жедел алдын алу шарасы Қазақстан аумағында қарашаның 1-не дейін жалғасады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ