ДИКТОР: Ақмола облысында бүгінге дейін 5 миллион тоннадан астам астық жиналды. Бұл жалпы егістік алқаптың 70 процентінен жиылған өнім. Шаруалар ауа райының әр қолайлы сәтін ұтымды пайдалануда. Айта кетейік, былтыр 6 миллион тонна астық жиналған еді. Ал биыл бұл межеден асып, үлкен нәтижеге қол жеткізуден үмітті.
РКС: Егіннің шығымдылығы да жаман емес. Гектарына 15,6 центнерден айналуда Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Бидайдың 70 проценттен астамы үшінші класты. Бұл өз кезегінде ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие екенін дәлелдейді.
СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Келесі жылғы егін егуге шамамен 521 мың тонна тұқым дайындалды. Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жұмыстары да жүргізілуде. Қазіргі таңда 95 мың гектар алаңнан немесе жоспардың 19 пайызы жиналды. Егін жинау науқанына жалпы 7 мыңнан астам астық жинау комбайндары қатысып отыр. 2,7 орақ жаткалары және 4,8 мың жүк автокөліктері қатысуда.
РКС: Шаруалар үшін Үкімет тарапынан 94 мың тоннадан астам жеңілдетілген бағада дизель отыны бөлінді. Литрі 254 теңгеден айналды. Биылғы егіннің жаңа өнімін облыс бойынша 66 элеватор қабылдап жатыр. Жалпы сыйымдылығы 4,3 миллион тонна. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 1,5 мың астық қоймасы тағы бар. Ол жерде шамамен 3 миллион тоннаға жуық өнім сақтауға болады. Тәулігіне 230 мың тоннадан астам өнімді өңдей алатын 264 кептіргіш қондырғы да дайын тұр. Техника паркін жаңартуға да ерекше көңіл бөлінді. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1400-ден астам арнайы техника сатып алды. Егін орағының барысы облыс әкімінің тұрақты бақылауында.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ