ДИКТОР: Өңірде 1 мыңға жуық жұмысшы мамандықтарының орны бос. Бүгінде ауыл шаруашылығы, медицина және білім саласында маман тапшылығы байқалады. Осыған орай, Көкшетауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке жұмысшы мамандықтар жылы аясында жыл басынан бері бірнеше мәрте өткізіліп отыр.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Облыс орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде түрлі саладағы 34 ұйымнан 300-ден астам жұмыс орны ұсынылды.

СНХ: ЗӘУРЕШ НҰРЫМОВА, ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір бізде 83 қысқа мерзімді студент білім алуда. Олар бір жарым ай курсты бітіріп, кейін осы ұйымдарға жұмысқа орналасады. Бүгінгі таңда 95 оқушыны орналастырдық. 80 адам қоғамдық жұмысқа, 27 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Бізде қысқа мерзімді курстарға әлі де бос орындар бар. Слесарь, сантехник, аспаз мамандарына сұраныс бар.

РКС: Бүгінгі таңда облыстық сотқа да мамандар қажет. Олар 20-дан астам ақмолалықты еңбекпен қамтуға дайын.

СНХ: ДИАНА ҚАБДУӘЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы сот әкімшілігі Ақмола облысы бойынша департаментте бос орындар бар. Бізге керек мамандар ол қаржы бөлімнің бас маманы керек. Ақпараттық технологиялар бөліміне жетекші маман қажет. Аудандар да бос орын бар.

РКС: Ұйым өкілдері жұмыс ұсынып қана қоймай, қызметкерлерге қойылатын кәсіби біліктілік талаптар мен жұмысшыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар туралы да айтып түсіндірді. Ал кей мекемелекер мамандығы жоқ жұмысшыларды арнайы курсттарға жіберіп, оқытатындарын алға тартты. Жәрмеңгеге үміт артып келген 100-ге жуық жұмыссыз ақмолалық өздері қалаған кәсіпорындарға түйіндеме толтырып, еңбек етуге деген ықыластарын танытты.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ