ДИКТОР: Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмалардың бірі - білім беру саласында жасанды интеллектті дамыту, яғни цифрлық жаңашылдықтарды көмекші құрал ретінде көбірек пайдалану. Көкшетаудағы техникалық мектеп-лицей «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Қазір бұл білім ошағы жасанды интеллектті кеңінен қолдануда. Биыл қыркүйек айында мектепке ақылды 170 камера орнатылды. Бұл бағдарлама қазақстандық технология, яғни отандық IT саласының мамандары жасап шығарған.

ИНТЕР ШУМ:

РКС: Мектептегі ақылды камералардың ерекшелігі сыныпта не дәлізде болмаса далада оқушылар өзара сөзге келіп қалса, немесе бірін бірі аяқтан шалса сол сәтте таспалап алады. Видео 4-5 секунтта білім беру мекемесі басшылығының ұялы телефонына хабарлама ретінде түседі. Бейнекөріністе оқиға қай блокта, қай қабатта болып жатқаны жазылады. Тағы бір ерекшелігі таңертең мұғалім не оқушы білім ошағына ашулы күйде келсе және күні бойы сол көңіл күймен жүрсе, жасанды интеллект оны анықтап, тиісті ақпаратты береді.

СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Камераның алдынан неше рет өтесіз, камера сізді неше рет көрді, 20 рет па, 30 рет па сізде қандай көңіл күй болды сіз күлімдеп жүрсіз ба, ашулы жүрсіз ба, нейтралды жүрсіз ба бәрін анықтайды. Оны әр мұғалімнің жеке кабинетінен көре аламыз және мектеп психологы да қадағалай алады. Ондай жағдай болды. Мысалы бір мұғалім ашуланып жүреді. Не болды деп сұрағанда шынында да отбасылық жағдай болған екен. Иә ашуланып келгем деп айтты. Тағы бір мұғалімнен сұрасақ, үнемі көңіл-күйі жақсы, сұрасақ ол күні туған күні болған екен. Мұғалімдерді сияқты балаларды да анықтай алады.

РКС: Мектептің кіре берісіндегі камерлар білім ошағына келген бөтен адамды бірден анықтайды. Егер іздеуде жүрген күдікті келсе, ол ақпарат дереу полиция департаментінің жедел әрекет ету орталығы мен мектептегі күзет қызметіне жолданады. Сол сияқты суық қару ұстап келген адам немесе оқушы болса, дабыл қағылады. Мектеп басшылығының айтуынша оқушылар «смарт» камералардың барын ұмытып кетеді. Балалардың тәртібі жөнінде күніне 4-5 бейнеүзінді келіп түседі. Мұндай құрылғы республика бойынша осы мектепте ғана бар. Ата-аналар бұл балалар қауіпсіздігі, яғни буллингтің алдын алу үшін таптырмас құрал дейді.

СНХ: СӘНИЯ ЕСЕНТАЕВА, АТА-АНА: Мектебімізге ақылды камералардың қойылғанына өте қуаныштымыз. Бұл енді жиі кездесіп жатқан буллингтің алдын алуға үлкен мүмкіндік. Сол себептің енді балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдамайтын боламыз деп ойлаймын.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ТОҚТАМЫСОВА, АТА-АНА: Иә мектепте өте көп камера бар. Баларымның қауіпсіздігі үшін алаңдамаймын. Естіп жатамыз ғой, көп жерде буллинг деп жатады, балаларға қысым деп жатады. Ал мен балам үшін еш алаңсыз жүре беремін. Мектепте күзет отырады, камералар бар. Мектепте қандай мәселе болып қалып жатады, бірден директордың телефонына түсіп отырады. Яғни алаңсыз өз жұмысымызды істеп жүре беруге болады бізге.

СНХ: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АТА-АНА: Менің балам осы мектепте 6 сыныпта оқиды. Өз пікірім осындай жаңашылдықтардың қолға алынғаны қуантады. Мемлекет басшысы атап өткендей жасанды интеллектіні қазіргі заман талабына сай әр салаға енгізу маңызды. Бұл тек ата-ана үшін ғана емес мұғалім үшін де көп көмек. Өйткені, біз ата аналар балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдамайтын болдық.

РКС: Көкшетау техникалық мектеп-лицейі «Келешек мектептері» жобасы аясында биыл ашылған. Қазір мұнда 1500 оқушы бір ауысымда білім алуда. 128 мұғалім еңбек етеді. Жасанды интеллектіні жақсы меңгерген ұстаздар әр бейсенбі күні ұжымды жинап, цифрлық сауаттылық бойынша курс өткізіп тұрады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ