ДИКТОР: Ақмола облысының диқандары осы орақ науқанында 7 миллион тоннадан астам астық жинауды көздеп отыр. Күн, түн демей жүздеген сала маманы мен мыңдаған жұмысшы танап басында еңбек етіп, аграрлық саланың тұрақтылығын қамтамасыз етуде.
РКС: Егістік алқапта жүздеген комбайн мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасы жүр. Бірақ, заманауи құрал-жабдықтың өзі білікті мамандарсыз еш нәтиже бермейді. Сондай тәжірибелі маманның бірі - «Азат элеваторы» серіктестігінің ауысым шебері Самат Бекбаев. Басында құрылыс саласында жұмыс істеді. Кейін элеватор көмекшісі болып жұмысқа орналасты. Сөйтіп, табандылық пен жауапкершіліктің арқасында ауысым шебері атанды. Ол үшін астық өндіру жай ғана жұмыс емес, өмірінің мәні.
СНХ: САМАТ БЕКБАЕВ, «АЗАТ ЭЛЕВАТОРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АУЫСЫМ ШЕБЕРІ: Біздің жұмыс КАМАЗ бен вагондардан дақылды қабылдау. Сондай-ақ, оны кептіріп, тазалаймыз. Темірдің аты темір ғой, арасында бұзылып жұрады. Кейін оны жөндеу керек болады. КАМАЗда ақаулар болып тұрады арасында. Жалақымыз жақсы, әріптестерім татулы. 9 жыл жұмыс істеп келемін. Бәрі де көңілімнен шығады.
СНХ: САМАТ БЕКБАЕВ - МАСТЕР СМЕНЫ ТОО «АЗАТСКИЙ ЭЛЕВАТОР»: Наша работа заключается в приёмке зерна КАМАЗами или вагонами, отгрузка, сушка зерна, очистка. Ну железо есть железо, иногда ломается – надо чинить. Бывает такое, где-нибудь что-нибудь ломается, застой КАМАЗов идет. Зарплата достойная, коллектив хороший. Уже работаю 9 лет, меня устраивает все.
РКС: Кәсіорында нәзік жандылар да еңбек етеді. Майра Сәбиева Жамбыл технологиялық институтының Алматы филиалын «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Зеренді астық қабылдау пункті пен Қазақстан аграрлық сараптама орталығында бастап, мол тәжірибе жинақтады. Соңғы тоғыз жыл Азат элеваторында еңбек етіп келеді. Кәсіпорынның дамуына елеклі үлес қосып жүрген жан.
СНХ: МАЙРА СӘБИЕВА, «АЗАТ ЭЛЕВАТОРЫ» СЕРІКТЕСТІГІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз астықты қабылдап алып, сқтаймыз, өңдейміз. Одан соң әрі қарай жөнелтеміз. Әрине әр жұмыстың өз қиындығы бар ғой. Бізде негізінен егін орағы кезінде өте қины кезең болады. Өйткені, ауа райы да көп ретте бөгет болып жатады. Астықтың сапасына тікелей әсер етеді. Бидай дымқыл болады. Күзгі орақ науқаны кезінде қарбалас қатты сезіледі. Бірақ, біздің оған етіміз әбден үйреніп кеткен. Жұмыс жақсы жүйеге қойылған, кептіргіштер жұмыс істеп тұрады, сондықтан кез келген қиындықты еңсереміз.
РКС: Бұл мамандардың оқиғасы аграрлық өндірістің негізі жұмысшы мамандықтарында екенін ұғындырады. Олардың еңбегі өлшеусіз. Өйткені дәл осы жандар елімізді нанмен және тұрақтылықпен қамтамасыз етіп отыр. Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтарына ерекше басымдық беріп отырғаны да сондықтан.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ