ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстан ажырасудан көш бастап тұрғанын мәлімдеді. Шынымен елімізде жәрдемақы мен баспана алу үшін қағаз жүзінде өтірік ажырасып, Үкіметке масыл болып отырған деректер кездеседі. Ал бұл өз кезегінде қоғам дамуына кері әсер беруде.

РКС: Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді деп сынады.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді. Соның салдарынан, ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзіміз жалқаулық пен масылдыққа жол беріп отырмыз.

РКС: Жолдауда өзекті мәселе көтерілді. Әлеуметтік жеңілдіктерді көбейту шын мәнінде еліміздің дамуына кері әсер етуде. Жалқаулық пен масылдық болмауы үшін әлеуметтік қолдауды ашық және әділетті ету керек. Сонда шын мұқтаж ғана мемле¬кеттен көмек алар еді.

БЛИЦ: АСП алу үшін ондай адамдар болады. Ол енді адамға байланысты ғой. Адам өзі мүмкіндігінше жұмыс істеу керек. Даже қазір пенсиядағы адамдар да жұмыс істейді. ЖАс студент, балаларда қанша жұмыс істеп жатыр. ол өте қате нәрсе мемлекеттің ақшасын алдап алу.

- Негізі бәрі заңды болғанын біз қалаймыз. Өйткені, сол ақшаларға мемлекеттік мектептерді салуға болады. Қаладағыдай қаншама саябақты салуға болады. Жастар демалатын орындарды жасауға болады және балаларға арнап көп үйірмелерге ашуға болады деп ойлаймын.

-) Менің ойымша, Қазақстанның азаматтарына қарағанда басқа шетелдіктермен салыстырғанда біз жаңағы Үкіметке масыл болып отырады. Яғни, бала туса да 5 балам бар менің деген сияқты. Көпбалалы анамын деп Үкіметке масыл болып отырады. Ол баланы Үкімет үшін туған жоқ біріншіден. Өздері үшін туды. Сондықтан өздері үшін жұмыс істеген жақсы деп ойлаймын. Себебі, бізде қаржылық жағынан көп жерге құюлу керек. Инвестиция болу керек. Мысалы, балалар үйі деген секілді. Болмаса жеке мектептердің өзің дамыту керек. Ауылдық мектептердің көбі технологиялық жағынан қамтылмаған.

РКС: Азаматтар өз еңбегімен жақсы табыс тауып, жанұясын асыраса, өмірге деген қызығушылығы артып, отбасылық құндылық жоғарылайды. Ал, масылдыққа бейімделген адамдардың өмір сүру деңгейі де төмен болады. Олар "қай жерде көмек бар?" дегенді өмірлік ұранға айналдырып, мемлекеттің қаржысын ауаға жұмсауға бейім тұрады. Сондықтан масылдыққа емес, еңбек етуге ұмтылу қажет,-дейді ақмолалықтар.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ