ДИКТОР: Облыстық жастар ресурстық орталығы «Новопек» серіктестігімен бірлесіп, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті. Жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру, жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктермен таныстыру шараның негізгі көздегені. Сонымен бірге жоғары оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыруға ықпал ету.

РКС: Кездесуге "Биотехнология" мен "химия" факультетінің 3-4 курс студенттері шақырылды. "Новопэк" серіктестігінің өкілдері компанияның жұмысы, ғылыми зертхана және сапаны бақылау бөлімі жайлы айтып, таныстырды. Сонымен қатар тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі де бар.

СНХ: МӨЛДІР ҚАЙРОШЕВА, «НОВОПЭК» СЕРІКТЕСТГІ HR ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Сондай-ақ, осы мамандық бойынша 1-2 айдың ішінде оқуын тәмамдап, емтиханды тапсыра алса онда ақылы тағылымдамадан өте алады. Жоғары оқу орнын бітіріп, қолына диплом алғаннан кейін ол өз грантының есебінен бізге жұмысқа орналаса алады.

РКС: Мұндай кездесулердің арқасында болашақ маман иелері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, өңірдің ірі кәсіпорындарында жұмыс істей алады.

СНХ: ЖАНБИБІ ӨТЕГЕН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі өткізілген кездесуде біз көптеген мәліметтер алдық. Яғни, ақылы түрде практикадан өтіп, болашақта сол арқылы жұмысқа орналаса алатынымызды білдік. Мұндай кездесулер бізге тиімді. Яғни, жұмыспен қамтуда тағы да практика жүзінде өз білімдерімізді толықтай көрсете аламыз.

РКС: Мұндай форматтағы кездесулер болашақ жас мамандарды еңбек нарығына баулып, арнайы мүмкіндіктер бермек,-дейді ұйымдастырушылар. Ал, бизнес өкілдері өңір игілігі үшін адал қызмет атқаратын жас мамандарды өздеріне тартуда.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ