ДИКТОР: Атбасар ауданында "Таза Қазақстан - таза өлке" акциясы өтті. Республикалық бұл бастама әсіресе жастар арасында табиғатты аялауға деген мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Шара аясында аумақтарды тазартумен қатар, ағаш көшеттері де отырғызылды.
РКС: Шараға жергілікті тұрғындар, волонтерлер мен мемлекеттік қызметкерлер белсене қатысты. 200-ден астам адам қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, 70 текше метрден астам қоқыс жинады. Аудан әкімі тазалақ акциясы тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.
СНХ: ӘНЕС ҚАЙЫРЖАН, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз апта сайын таза бейсенбілік акциясын өткіземіз. Өткен жұмада ғана өткіздік. Сенбі күні де облыстық сенбілік аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Бүгін біз "Таза Қазақстан" акциясын өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, сенбі күні тағы да сенбілік өткізуді жоспарлап отырмыз. Шаһарды қоқыстан тазалауға барлығы белсенді қатысады. Тұрғындар негізінен үйлерінің айналасын абаттандырумен айналысады.
РКС: Акцияға белсене қатысқан Атбасар аудандық жастар ресурстық орталығының жастары да бұл шара табиғатты қорғау жолындағы маңызды қадам екенін жеткізді.
СНХ: ЖАБАЛБАЙ ТӨЛЕГЕН, АТБАСАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мемлекетті кқызметшілер, білім саласының өкілдері, волонтерлер қатысып жатыр. Табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі таңда жастар ресурстық орталығы осы акцияға қатысып жатыр. Әрбір азаматты табиғатты қорғауға шақырамыз.
РКС: Атбасарлықтар көшелерін қоқыстан тазартып, үйлерінің айналасын абаттандыру үшін "Таза Қазақстан" сынды акция жиі болғандарын қалайды.
БЛИЦ: Очень хорошо, что в городе Атбасар проводятся такие акции - акции «Таза-Казахстан». Мы это целиком и полностью поддерживаем. Это надо делать на регулярной основе. Ну, чем будет чище город, тем приятнее будет и жителям, и гостям города.
- Бүгін мына күн жылы да атбасардың ішін тазалап память болса қасын тазалап жүргенімізге жақсы даже приятно қарауға даже уәде жұмыс істеп жатыр осы күн жылы да бәріне де рахмет
- Это хорошо, что в городе убираемся. Побольше бы таких акций!
- Я участвую в данной акции. И я считаю это правильно. Надо держать город в чистоте. Я полностью это поддерживаю.
РКС: Қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. 600-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Ұйымдастырушылар мұндай бастама өңірдің таза болуына ғана емес, болашақ ұрпақты экологиялық жауапкершілік рухында тәрбиелейтінін атап өтті.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ