ДИКТОР: Елімізде бейбітшілік пен келісімнің арқасында 130-дан астам ұлт пен этнос тату-тәтті бір аспан астында тұрады. Халық арасындағы ынтамақтастықты нығайту мақсатында Көкшетауда "Даналық көпірі" мәдени-ағартушылық акциясы өтті. Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері арнайы жасыл түсті сандыққа өз ұлтының тарихын көрсете білген бағалы заттарды салды. Қазақстан бойынша өтетін бұл акция Ақмола өңірінен бастау алып, Алматы облысына табысталды. Акцияға Мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман қатысты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Облыс орталығында "Даналық көпірі" мәдени-ағартушылық акциясы өтуде. Этномәдени бірлестік өкілдері арнайы сандыққа өздеріне жақын, мағыналы заттарын салып жатыр. Бұл сандық алдағы уақытта Алматы өңіріне жіберіледі. Осылайша, Ақмола облысынан бастау алған акция, әрі қарай өз жалғасын таппақ.
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Біз Көкшетаудың бренді етінде, ас қоятын ыдыс етінде арнайы астауды беріп жатырмыз. Тәуелсіз Қазақстанымыз дәуірлей берсін! Егемендігіміз баянды болсын!
РКС: Еліміздің ең үлкен байлығы - ұлттар арасындағы татулық. Қазақстанның кеңдігі мен қонақжайлылығы барша жұртшылық үшін үлгі боларлықтай. "Қазақтың мейірімділігін, кісілігін, жасаған жақсылығын еш уақытта ұмытқым келмейді" - дейді мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман.
СНХ: АСЫЛЫ ОСМАН, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Менің елімдегі осы бірлігіміз бекен болсын! Қазақтың өзінің тұла бойына біткен адами қасиеті түсінгендеріңізге ерекше рахмет айтамын. Мен Қазақстанды шын мәнінде көп ұлтты дегенді онша қабылдамаймын. Қабылдай да алмаймын. Өйткені, Қазақстанда бір халықпыз. Бірақ, әркімнің өзінің ұлттық ерекшелігі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір ұлттық бірегей идеясы деген дұрыс. Топырақтың иесі де, киесі де болған қазақты сыйлайық, қадірлейік. Мен өз басым 1989 жылы мақала жазғам" қазақ халқына мәңгі қарыздармын" деп.
РКС: Әр ұлттың тарихына толған арнайы сандық енді Алматы өңіріндегі этномәдени орталыққа аттанбақ. Шара соңында алматылық қонақтарға құрмет көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЬЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ