ДИКТОР: Көкшетауда №2-ші аудандық жылу қазандығы жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары "Көкшетау энерго" серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілді.
РКС: №2-ші аудандық жылу қазандығы 1991 жылы салынды. Осы уақытқа дейін аудандық қазандықтың тозығы әбден жеткен. Жаңғырту жұмыстары мамар айында басталды. Оған 690 млн.теңге қаражат бөлінген.
СНХ: НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
РКС: Жаңғырту барысында тозығы жеткен жабдықтар жаңартылды. Сонымен қатар, қосалқы станция ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Жылу қазандығының аумағы да абаттандырылды.
СНХ: НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
РКС: Жаңғырту жұмыстары апат деңгейін төмендетіп, халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ