ДИКТОР: Ерейментау ауданында егін жинау науқаны жалғасуда. Бірнеше күнге созылған жауын-шашын жұмыстың қарқынын сәл бәсеңдеткенімен, ауыл шаруашылығы құрылымдары белгіленген меженің дер кезінде орындалатынына сенімді. Аудан алқаптарында механизаторлар таңнан кешке дейін үздіксіз еңбек етуде. Жұмысқа заманауи техника тартылып, жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан тиісті қолдау да көрсетіліп жатыр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Күн сайын екі жүзден астам комбайн танап басына шығып, алтын дәнді жинап жатыр. Жұмыс таңғы сегізден кешкі он бірге дейін жоспарланған. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына қолдау ретінде қосымша механизаторлар мен уақытша жұмысшылар тартылуда. Жиналған астық бірден қоймаларға және астық қабылдау бекеттеріне жөнелтіледі. Өнімнің бір бөлігі заманауи астық кептіргіш қондырғыларында кептіруден өтеді.
СНХ: ЕРЖАН БИЕКЕНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Астықты тазалау, кептіру қондырғылары дайын. Егер дән ылғалды болып түссе, оны қосымша кептіріп, тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Қажетті техника жеткілікті, сондықтан белгіленген мерзімде аяқтаймыз деген сенімдемін. Биыл астықтан бидай, күнбағыс және зығыр жинап жатырмыз. Осы айда ауа райы қолайлы болмақ. Шөп шабу жұмыстары толық аяқталды. «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «Кең дала-2» бағдарламасы аясында қаржыландыруға қол жеткіздік. Соның арқасында химиялық препараттар сатып алдық және жұмысшылардың еңбекақысын толық төлеуге мүмкіндік алдық.
РКС: Мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген жанар-жағармай және жаңартылған техника аудан шаруашылықтарының егін жинау науқанын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндік беруде. Аудан диқаншылары 100 мың тоннадан астам астық жинап аламыз деп отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ