ДИКТОР: Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың туғанына - 95 жыл. Осыған орай Көкшетаудың төрінде арнайы шара өтті. Еркін Әуелбеков өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қай өңірді, қай саланы басқарса да үлкен табыстарға жеткен тұлға. Елі үшін қалтқысыз еткен еңбегі еленіп, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Еркін Әуелбековтың еңбекпен өрілген ғұмыры бүгінгі ұрпаққа зор өнеге. Облыстың бірінші хатшысы қызметін атқарып жүргенде Еркін Нұржанұлы өңір экономикасын нығайтып, әлеуметтік мәселелерді шешудің тың жолдарын таба білді. Нәтижесінде аймақта шаруашылық оң дамып, облыс орталығының ажарын ашқан бірқатар әлеуметтік нысан бой көтерді.

СНХ: ТЕҢБАЙ ЫБЫРАЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Бұл кіснің істеп кеткен жұмыстарын айтып, жеткізу үшін көп нәрсе керек. Бірақ енді есте қалатындары мынау біздің әуежай сол кісі салдырып кетті. Бұрын болмайтын. Сосын автовокзал, теміржол вокзалы соның барлығын сол кісі салды. Осы қалада сол кісінің салып кеткені көп. Ол кісінің бір ерекше қасиеті жаяу жүріп, барлығын өз көзімен көріп жүретін. Қаланың, ауданның басшыларын ертіп жүретін. Барлығын халықтан сұрайтын. Мысалы, завхозға барып балабақшаның нашар жәй-күйін көрсе, балабақша салдыратын.

РКС: Еркін Әуелбековтың мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы бүгінгі жастарға үлгі. Ол басшыларға қарапайым жүріп, ортақ іске бар жан-тәнімен берілуді, қарапайым халыққа жақын болуды үйретті. Халық мақтанышына айналған ұлы тұлғаның өңірде өзіндік қолтаңбасы қалды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РАСУЛ АЛФЕРОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы іс-шарада мен Еркін Әуелбековтың рөлін сомдағаныма өте қуаныштымын! Өйткені, Еркін Әуелбеков елімізге, халқымызға адал қызмет еткен ұлы тұлғалардың бірі.

РКС: Шара соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ел ардақтысының рухына тағзым етілді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ