ДИКТОР: Аршалы ауданында бірқатар инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Агроөнеркәсіптік сектормен қатар индустриялық сала да белсенді дамып келеді. Аудан тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Аймақ басшысы алдағы жоспарларды белгілеп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
РКС: Келесі жылдан бастап бизнес кірістерінен алынатын салық толық көлемде аудан бюджетінде қалады. Осылайша, жергілікті басшылық өздеріне сеніп тапсырылған аумақтарды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады, - деп атап өтті өңір басшысы. Әкімдердің тиімділігі инвестицияларды тарту және өнеркәсіптің өсуі бойынша бағаланатын болады. Сондықтан қоржынында құны 1 трлн теңгеден асатын жобалар бар «Aqmola» индустриялық аймағының Аршалы ауданында орналасуы оны дамытудың маңызды бағытына айналады. Аудан тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Сингапур, Қытай және басқа да елдің инвесторларын таныстырды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қалаға жақын орналасқан, үлкен жобаларды, инвесторларды әкелуге өзіндік мүмкіндігі зор. Қазір 1 мың гектар жер бөліп отырмыз. Сондыктан ол жерде үлкен ірі өндірістер пайда болады. Қазір міне 7 өндіріс. Аршалы ауданы – ауыл шаруашылық бағытында дамып келе жатқан аудан болғандықтан, сондықтан ол жерде үлкен бидайды терең өндеу зауыты бой көтереді. Ең бастапқысы – 1 млн тонна, сосын бара бара 3 жылдың ішінде 3 млн тонна астықты терең өндеуді мүмкіндігін береді. Жалпы сол индустриялық аймақ бізге 5 мың тұрақты жұмыс орын береді.
РКС: Аймақ басшысымен кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Ақбұлақ және Ақтасты ауылдарындағы судың сапасы, Жібек жолы, Аршалы және басқа да елді мекендердегі «АРЭК» акционерлік қоғамы теңгеріміне электр желілерін беру тақырыбы көтерілді. Экоактивистер карьерлердің жұмысына және рұқсат етілмеген үйінділерге назар аударды. Сонымен қатар, жолдарды жөндеу және жол жабындыларының сапасы талқыланды.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Аршалы ауданында биыл жолдар бойынша өте қарқынды жұмыстар жүріп жатыр деп айтуға болады. Ол теқ қана ауыл ішкі жолдар емес, ол үлкен жобалар. Облыстық маңызы бар жол «Бабатай – Койгельді». 15 шақырым биыл толық бітеді. Ол жаңағы «Восточный обход Астана – Булаксай – Сарыоба» арқылы жүретін жол. Ол толығымен бітеді. Сондай-ақ, «Белоярка-Турген- Константиновка» деген жолымыз бар. Ол долгострой, биыл бітіреміз. Сондай-ақ биыл мердігер өз қаражатынан Бірсуатқа апаратын жол жасап жатыр.
РКС: Марат Ахметжанов маңызды бағыт ауылдарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болып қала беретінін атап өтті. Жалтыркөл және Жібек жолы ауылдарында сумен және электрмен жабдықтау жобалары аяқталды. Газдандыру саласында үлкен жұмыс атқарылды. Соңғы үш жылда көгілдір отын 17 елді мекенге жеткізілді. 14 мыңнан аса отбасының көгілдір отынды қосуға мүмкіндігі бар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.