ДИКТОР: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрлық дамудың басым бағыттарын ақындап берді. Бұл жолдағы алғашқы қадам жасанды интеллект, платформалық экономика және үлкен деректерді талдау саласындағы жұмыс бағыттарын анықтайтын Цифрлық кодты қабылдау.
РКС: Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қазірдің өзінде адамдардың, әсіресе жас буынның дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер етуде. Бұл процесс бүкіл адамзаттың өмір салтын өзгертуде.Сондықтан біз батыл әрекет етуіміз керек,-деді Мемлекет басшысы.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек.
РКС: Жолдауда жасанды интелектті кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі таңда цифрландыруды өз жемісін беруде. Әсіресе, медицина саласында. Дәрігерлер науқастардың деректерін талдап, аурухана жазбаларын жасауға және клиникалық шешімдерді тезірек қабылдауға көмектесетін Ascle AI жүйесін белсенді түрде пайдалануда. Аймақта кешенді басқару үшін Өңірлік басқару орталығы іске қосылмақ.
СНХ: АСЫЛБЕК БАЙБОРАНОВ, «SMART AQMOLA INTITUTION» МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында цифрландыруға баса назар аударған еді. Бұл бағып бойынша біраз жұмыс атқарылып, нәтиже берді. Мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды. Биыл жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ақмола облысында қазірдің өзінде біраз жұмыс атқарып жатырмыз. Жобалардың бірі – жасанды интеллект қолданылатын аймақтық басқару орталығы. Аймақтық басқару орталығы дегеніміз не? Бұл мемлекет басшысының деректерге бағдарланған мемлекет құру жөніндегі стратегиялық курсына сәйкес келетін өңірдің цифрлық трансформациясының негізгі элементі. Орталық – түрлі саланың деректері біріктіріліп, нақты уақыт режимінде талданатын және шешім қабылдауға негіз болатын цифрлық платформа.
РКС: Осылайша, цифрландыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру құралына ғана емес, жалпы экономиканың даму факторына айналуда. Денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлік басқару салаларына жаңа технологиялар енгізіп жатыр. Мұның барлығы тұрақты өсу мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың негізіне айналады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАНДОС САЙЛАУ, САБЫРБЕЗ ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ