ДИКТОР: Бүгінгі Жолдау «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер мен оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбына арналды. Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік басқарудың жаңа бағыттарын айқындады. Президент Жолдауын Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұжымы да ерекше ынтамен тыңдады.

РКС:Ел Президенті Қазақстанды алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, сонымен бірге Цифрлық кодекс қабылдау жоспары айтылды. Бұл шаралар мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

СНХ: ӨМІРБЕК ТӨЛЕГЕН, Ж. МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Соның ішінде жасанды интеллектімен жұмыс жасау барлық саланы цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.Бұл үшін жасанды интеллектімен жұмыс жасауды жасау құзыреттілігін қалыптастыру үшін жұмыс мектептен басталу керек екен. Ол үшін арнайы бағдарламалар,әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеуге тапсырма берілді.Сондықтан, білім, ғылым және инновация бірлігін нығайтуға тапсырма берілді.

РКС: Жолдауда елдің экономикалық дамуына да басымдық берілді. Соңғы үш жылда қайтарылған 850 миллиард теңге заңсыз активтердің есебінен білім, денсаулық сақтау және инфрақұрылым салаларына бағытталды. Былтыр 19 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 13 мың шақырымнан астам жол салынып, жөнделді. Сонымен қатар әлеуметтік даму мен шағын және орта бизнесті дамыту, нарықтағы мемлекеттің орнын бекіту мәселелері де кеңінен қозғалды.

СНХ: ҰЛАН ҚАБДУӘЛИ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Президенттің бүгінгі Жолдауында аграрлық сектордағы мәселе туралы сөз қозғалды. Әсіресе біздің азық түлік нарығымыздың импортқа тәуелділігі туралы баса айтылды. Бұл әрине аграрлық сектордағы кемшілікті тұстарымыз.Осы сала бойынша ветеринарлық, логистикалық , санитарлық стандарттар қайтадан жасалу керек деді.Азия мемлекеттеріне шығуымызға,маркетингтік зерттеу жасауымызға стратегиялық жоспарлауды қайта жасауымызға мүмкіндік береді.

РКС: Президент жер мәселесіне де ерекше тоқталды. 23 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылса да, оның тек 6 миллионы ғана пайдалануға берілген. Енді әкімдерге бұл жерлерді толық игеру тапсырылды. Ядролық энергетика саласында да нақты жоспарлар бар. Мемлекет басшысы елімізде екінші және үшінші атом электр станцияларын салуға дайындықты бастау қажеттігін айтты. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Бұл — еліміздің білім беру саласындағы маңызды жетістік. Қалған мектептердің құрылысы қарқынды жүргізілуде және олар алдағы үш ай ішінде толықтай аяқталуы тиіс. Жоба — заманауи инфрақұрылым мен озық білім беру технологияларын біріктіріп, өскелең ұрпаққа сапалы білім алуға мүмкіндік беретінін де атап өтті.

СНХ: АЙША ТАЛҒАТҚЫЗЫ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Яғни ауыл және қала мектептері арасында теңсіздікті жоюға мүмкіндік беретін жобалардың ретінде қарастырылып кеткен болатын. Сонымен қатар осы жоба арқылы мектептерді замануи жабдықтармен қамтамасыз етіп, соған байланысты түрлі өнер жәнеде спорт залдар жабдықталған болатын. Мектептің жобасы инклюзивті білім беру жүйесінде қарастырылған. Болашақтың кепілі ретінде қарастырылған.

РКС: Сонымен қатар Президент 2027 жылы бір палаталы Парламент құру мәселесін жалпыұлттық референдумға шығару жөнінде бастама көтерді. Жолдауда айтылған реформалар Қазақстанды жаңа технологиялар дәуірінде бәсекеге қабілетті мемлекет етуге бағытталған. Президент қазақстандықтарды бірлікті сақтап, ортақ мақсатқа жұмылуға шақырды. Осылайша, елдің дамуындағы жаңа кезеңге жол ашатын маңызды бастамалар бүгін жарияланды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ