ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жан-жақты талқылады. Оған білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты. Өзекті мәселелер үстел барысында қызу талқыға салынып, жан-жақты қаралды. Білім ошағы алдағы уақытқа қандай жоспар құрып отыр? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жолдауда логистика, экономика және өзге де өзекте мәселелер тілге тиек етілді. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен өзгерістер енгізу де сөз болды.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТЕІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында геосасяси жағдайға баса назар аударды. Ең басты мәселе халықараралық жағдайда шешетін мәселе ол Біріккен Ұлттар ұйымының рөлі. Біз әлемдегі қақтығыстар, соғыстар болса оны бейбіт түрде шешу. Бірақ, қазіргі таңда халықаралық институт өз миссиясын толық орындамай келе жатыр. Біздің президентіміз осы мәселені бірнеше жыл көтеріп келе жатыр. Қазақстан Республикасы әлемде бірнеше әртүрлі стратегия ұсынған. Ол халықаралық деңгейде іске асып келе жатыр. Сондықтан, қауіпсіз кеңесін ремормалау, өзгерту халықаралық аренада оң қабылданады деп.
РКС: Мемлекет басшысының Жолдауын ақмолалықтар қолдауда. Себебі, оның әр тармағы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы біз үшін әрине өте маңызды. Маған ұнағаны енді , әрине қазіргі саяси ахуал өте қиын, күрделі жаһандану заманында Қазақстанның өзінің тұрақты саяси деңгейін сақтап қалу, өте тез дамып жатқан экономикаға бейімделуі және ішкі өзіміздің ресурстарды сақтап қалу басты міндеп болып табылады. Осы жасанды интеллектке, цифрландыруға біз бейімделуіміз керек.
РКС: Жолдауды жүзеге асырудың жолдарын университет профессорлары мен ғалымдары талқылап, алдағы уақытта студенттермен ауқымды жұмыс атқарылады деп көзделуде.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ