ДИКТОР: Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға тіл саясатын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері қатысты.
РКС: Тіл өрісін кеңейтуге үлес қосып жүрген бірқатар кәсіп иесі облыс әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды. Жиында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ауқымды жобалар, форумдар, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жастардың қызығушылығын арттыруға арналған байқаулардың қорытындысы туралы ақпарат айтылып, алдағы жоспарлар туралы сөз қозғалды.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Туған тілді танып, дамыту және оның мәртебесін арттыру облыстағы аудандар мен қалаларда тілдерді оқытатын 21 орталық жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күні 350-ге жуық топта шамамен 4000-нан астам тыңдаушы қазақ және ағылшын тілдерін меңгеруде. Тыңдаушылардың қатарында мемлекеттік қызметшілермен бірге азаматтық қызметшілер, жеке кәсіп иелері, қала тұрғындары сондай-ақ атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес орталықтарының қызметкерлері де бар. Облыс аумағында тілдік мәдениетті көтеруге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі шаралар өткізілуде.
РКС: Қазіргі тіл саясаты ел ішіндегі татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта Ақмола облысында жаңа форматтағы тіл клубтары ашылып, сәтті жұмыс істеп келеді. «СөйлеKZ», «Қазақша сөйле», «Мәртебе», «ТілKZ», «Сөйле тайм» сияқты клубтар тұрғындарға қолжетімді орта ұсынып, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыруда. Бұл бастамалар өңірде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оның қоғамдық беделін арттыруға ықпал етуде. Степногорск тау-кен техникалық колледжінің студенті Диана Шуган КаzTAG IT жобасының жеңімпазы. Оның бұл жобасы қазақ тілін үйренуге арналған ойын түріндегі веб сайт. Бұл менің менің дипломдық жұмысым,-дейді жеңімпаз.
СНХ: ДИАНА ШУГАН, СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл ойын 4-11 сынып оқушыларына қазақ тілі сабақтарында меңгерген материалдарды бекітуге арналған болып табылады. Болашақта жаңа тақырыптар қосылады, мәліметтер базасын кеңейту іске асырылуға жоспарлануда. Осы байқауға байланысты 1 орын жеңімпазы атандым, марапат алдым.
РКС: Ал біздің әріптесіміз Евгений Варанкин бір жыл ішінде облыс аумағында өткізілген бірнеше байқауға қатысып, жүлделі орындарды еншіледі. Оның мемлекеттік тілді меңгерудегі оқиғасы тіптен қызық.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, «KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ: Жалпы мектепте оқыған кезде қазақ тілін меңгере алмадым, бірақ 11 сыныпты аяқтағаннан кейін бар кітапты жинап алып, бір ай бойы кітаптарды оқып, 1 айдың ішінде қазақ тілін үйреніп алдым. Қазақ редакциясында жұмыс істегеннен кейін жыл бойы бірнеше сайыстарға қатысып жүрдім, және осы аталған сайыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болдым. Достарымның көбі қазақ болғасын менімен ылғи қазақ тілінде сөйдеседі, сондықтан да мен үшін соншама қиын болған жоқ. Қазақ тілін үйрену қиын емес деп айтуға болады.
РКС: Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ