ДИКТОР: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын тыңдады. Жолдаудан кейін ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, көтерілген негізгі мәселелерді талқылады.

РКС: Биылғы саяси маңызды басқосудың негізгі тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан». Заманауи технологияларды пайдалану жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осыған байланысты, Президент жасанды интеллект саласы мен цифрлық дамуды тиімді үйлестіру үшін арнайы министрлік құру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, экономиканы жаңғырту мен басқарудың сапасын арттыру мақсатында жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу маңыздылығы жеткізілді.

СНХ: ЖАНЕЛЯ НАЗЫБАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: Жолдау барысында Президентіміз 3 жыл ішінде Қазақ елі толыққанды цифрлық ел болу керектігін атап өтті. Яғни, біздің жұмыс барысымызда, жасанды интелектіні қолдану керек. Өз басыма жасанды интелектімен жұмыс жасаған ұнайды. Себебі кез-келген салада болсын бұл бағытта жасаған өте ыңғайлы және кез – келген жұмысты жеңілдетеді. Бұдан бөлек, жолдау барысында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын, бұқаралық спорт саласын қолдау керек екенін атап өтті. Таза Қазақстан сияқты ауқымды жобаға қатысушыларға ерекше алғысын білдірді.

СНХ: ЗЕЙІНГҮЛ ЕСКЕНДІРОВА, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Президентіміз ең алдымен көтерген мәселе қазақ тіліне мән беру керектігін айтты және де жасанды интеллект пен туризмге аса баса назар аударды. Менің ойымша көтерілген осы мәселелерді әрі қарай да қолдап, еліміздің алдыңғы қатарда болуынаөз үлесімізді қосуымыз керек.

РКС: Бұл пікірлер Қазақстанның цифрлық даму саясатын одан әрі жетілдіруді көрсетіп отыр. Жасанды интеллект және заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы мемлекеттік басқару, экономикалық өсім және әлеуметтік қызметтерді сапалы жаңғырту мүмкіндігі артады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ