ДИКТОР: Президенттің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауындағы өзекті мәселенің бірі - инвестиция тарту және экономиканың өндірістік секторын дамыту. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұжымы бұл жолғы Жолдау біздің жұмысымыздың нақты бағдарына айналды деп отыр.

РКС: Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық циклді іске қосу қажеттігін атап өтті. Бұл салада қолданыстағы саясат нәтижелі емес: қаражаттың едәуір бөлігі шикізат салаларына түседі. Енді басымдық - өңдеу өнеркәсібіне капитал тарту. Бұл үшін Үкімет инвестициялық саясатты қайта қарауы және қажет болған жағдайда жоғары технологиялар саласындағы инвесторлар үшін преференцияларды көздеуі тиіс.

СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз үшін инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі өңірлік орган ретінде жолдау нақты бағдар болып табылады. Алдағы уақытта өңірлік секторды дамытуға қуатты серпін беретін инвестициялық жобалар бар. Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриалды аймағы құрылғанын атап өткім келеді, Қазіргі таңда оның инвестициялық қоржыны 1 триллион теңгеден асты. 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.

РКС: Жаңа инвестициялық тәсіл жергілікті жерлерде нақты жұмыс істеуі және облыс тұрғындарына пайда әкелуі үшін инвесторларды қолдау құралдары жасалуда.

СНХ: НҰРГҮЛ ХАЙДАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысы инвестициялар тарту жүйесін жаңарту қажеттігін атап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде «Aqmola Invest» фронт-кеңсесі құрылды, ол бір терезе қағидаты бойынша инвесторларды тартады және оларды одан әрі ілгерілетуде жәрдемдеседі. Өңірде KPI 1 триллион теңгеге жеткізілді. Бүгінгі таңда облысқа 450 миллиард теңге қаражат тартылды. /

РКС: Мемлекеттік инвестициялармен қатар ірі, орта және шағын бизнестегі жеке бастамаларға қолдау көрсетілетін болады. Бұдан басқа, елде өңірлердің инвестиция тарту индексін енгізу жоспарлануда.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.