ДИКТОР: Биыл Бурабай ауданында сүт саласын дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба басталды. Оның аясында «Burabay Milk» компаниясы Баянбай ауылындағы сүт-тауарлы ферманы кеңейтуді қолға алып отыр. Ірі қара мал басын 1,5 мыңға дейін көбейту көзделген. Жоғары өнімді голштин тұқымды ірі қара сатып алынбақ. Жоба құны 7,5 миллиард теңге. Кәсіпорын жұмысымен танысып қайтқан әріптесім Нұрсәуле Мұратқызы бандайды.
РКС: Баянбай ауылындағы жобаның жүзеге асып жатқанына жарты жылдай ғана болды. Аз уақыттың ішінде 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынды. Қазір 800 бас ірі қара мал бар. Тәулігіне 10 тонна сүт сауылады. 60-тан астам жұмысшы еңбек етеді. Болашақта ферманы үлкейтіп, мал басын 1500-ға дейін жеткізу. Қазір жаңа ферма құрылысы жүріп жатыр.
СНХ: МӘРЛЕН НӘБИЕВ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жобаның бағасы 7,5 млрд теңге. Оның 4 млрдын құрылыс жұмыстарына жұмсалады.Оны өзіміздің инвестициямыз деп бөліп отырмыз.Қалған 3,5 млрды мал алуға, құрал-саймандар, техника алуға арналған. Оны әлеуметтік социалдық корпорация «Көкше» арқылы несие алатын ойымыз бар. Оған өтінішімізді бердік, ол қарастырылып жатыр. Бұл фирма салынғаннан кейіңгі күндегі сүт өңдеу мощносты 30 тоннаға дейін жетеді.
РКС: Бұдан бөлек Щучинск қаласында екінші жоба - сүт өңдеу зауыты. Тәулігіне 30 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Жоба құны 7 миллиард теңге. 2 миллиарды құрылыс жұмыстарына ал 5 миллиард теңгесіне құрал-жабдық сатып алынды. Баянбайдан жеткізілген сүт осында өңделіп, дайын өнімнің 70-80 проценті Астана қаласына жіберіледі. Қалған 2-3 тоннасы Щучинск және Көкшетау қалаларындағы сауда нүктелеріне жөнелтіледі. Щучинск қаласы мен Кенесары ауылдық округінің тұрғындары осы жерге жұмысқа тартылған.
СНХ:ИВАН ФЕДЕНКО, СҮТ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ЗООТЕХНИГІ: Еңбек шарты толығымен көңілімізден шығады. Жалақы ауылды жер үшін тіпті қомақты деп айтар едім. Тіпті қаладан да жоғары әрі уақытылы әдетте айдың үшіне дейін төленеді. Жұмысшылар тарапынан ешқандай шағым жоқ. Мекеме ауғында жатақхана бар, сондықтан мамандарда баспанаға қатысты мәселе туындамайды. Сондай-ақ күн сайын қалаға қатынауға да мүмкіндік қарастырылған, бұл біз үшін өте қолайлы. Жұмыс күні кестесі белгіленген тәртіппен өтеді, ұжым өте ұйымшыл. Әр бөлімшеде маман толық, барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, жұмыс жақсы жолға қойылған, жағдайымыз жақсы, сондықтан бұл жерде еңбек ету өте жайлы.
РКС: Өндіріс толық автоматтандырылған. Халықаралық стандарттарға сай жаңа технологиялар қолданылып, өнім қауіпсіздігі мен сапасы жіті бақыланады. Ел экономикасына серпін беріп, тұтынушының сенімін ақтап жүрген отандық бренд – отбасылық дастарханның сенімді таңдауы. Жергілікті шикізат, заманауи жабдық, кәсіби мамандар – мұның бәрі тұтынушыға деген жауапкершіліктің көрінісі. Өз ісіне адал кәсіпорын — ел игілігіне қызмет ететіні сөзсіз.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ