ДИКТОР: Ата Заңның 30 жылдығына орай Көкшетауға республикалық «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы келді. Ашық аспан астында өткен сайысқа жоғарғы лиганың үздік құрамалары қатысты. Өз өнерлерін ортаға салып, тартысты жарыс өткізді. Әріптесім Сәния Есімсейітова жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл Көкшетаудың жаңа жағалауында бірқатар маңызды шара өтті. Солардың бірі – «Бар жанарды жаулаған - Жайдарман» фестивалі.

СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің қолдауымен қалада республикалық деңгейде әзіл-кеш өтіп жатыр. Жайдарман президенті Есен Елеукен ағамыз келіп отыр. Қазақстанның түкпір -түкпірінен жайдарман ойыншылары,командалары келіп отыр. Командалар жақсы дайындалған. Қала тұрғындарына үлкен көңіл-күй сыйлайды. Жалпы осыны ұйымдастырып отырған азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

РКС: «Жайдарман» клубының тарихы терең. Биыл көрерменнің көзайымына айналған «Жайдарман» ойындарына 20 жыл толды. Осы аралықта Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздіксіз өнерін тамашалап жүрген жанкүйерлер де бар. Сол себепті «Жайдарман» клубының президенті Есен Елеукен әр қалаға барып өнер көрсету жоспарларын айтып, Көкшетауға келуіне қуанышын білдірді.

СНХ: ЕСЕН ЕЛЕУКЕН, ҚАЗАҚСТАН КӨҢІЛДІЛЕР МЕН ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгін алғаш рет Көкше жерінде осындай тамаша көлдің жағасында жаңа жағалауда Конституциясы күніне орай үлкен жарыс өткізіп жатырмыз. Биыл өздеріңіз жақсы білесіздер конституциямызға 30 жыл. Біз өзіміз осындай бақытты елміз. Көкшетаулық көрермендерді, қала тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі мерекемен құттықтаймын.

РКС: Осы кеште бір сахнада еліміздің ең үздік «Жайдарман» топтары өнер көрсетті. Ауа райының салқындығына қарамастан, олардың әзілдері көрермендердің көңілін жаулап, жүрегін жылытты. Жоғарғы лиганың үздік құрамалары «Ақбұлақ», «Эверест», «Рудный», «Қызылорда», «Қарағанды», «Чехов аялдамасы», «Көкшетау», «Тұмар», «Дежавю» және «Абибас» топтары қатысты.

СНХ: "РУДНЫЙ" ЖАЙДАРМАН ҚҰРАМАСЫ: Бүгінгі ойында 10 шақты команда бар. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген. Олар да жай келе салмаған, мықты дайындалған. Сол себепті Көкшетаудың көрермендеріне жақсы эмоция сыйладық деп үміттенемін. Көкшетауға кезінде студент кезімізде келгенбіз. Осы жақтың жайдарман мектебін көргенбіз. 8 жыл бұрын келіп осында ойнағанбыз. Енді 8 жылдан кейін қайта келдік, үлкен кубокка жоғары лига құрамасы болып келіп отырмыз.

РКС: Жанкүйерлер үшін ең қызықты кезең жеңімпаздарды анықтау сәті болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бірінші орынды астаналық «Абибас» құрамасы иеленіп, 1 миллион теңге жүлдені иеленді. Екінші орын алматылық «Эверест» және қостаналық «Рудный» құрамаларына бұйырды. Олардың әрқайсысы 500 мың теңге көлеміндегі жүлдені ұтып алса, үшінші орынға оралдық «Дежавю» құрамасы лайық деп танылып 250 мың теңгені еншіледі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ