ДИКТОР: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Көбейтұз көлі маңында сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялауға бейжай қарамайтын тұрғындар туған жердің тазалығы үшін атсалысты.
РКС: Акцияға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен «Жасыл ел» жастар жасағы қатысты. 60-қа жуық ниеттілер көлдің маңайын қоқыс, пластик және басқа да тұрмыстық заттардан тазартты.
СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің Көбейтұз Қазақстанға аты шыққан әйгілі бір туристік орынның бірі. Мынау бүгіннің өзінде Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Павлодардан кісілер келіп жатыр. Соның қасына мына біздер келіп осы Көбейтұздың жағасын тазалап қоқыстан. Мен осы табиғат сақтау үшін әрқайсымыз, әр адам, әр азамат өзінің үлесін қосу керек. Барған жерді таза ұстап Қазақстанның табиғатын әлемге таныстыру үшін біз тек қана тазалықпен оны дәлелдеу керекпіз.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірдің ерекше табиғатын сақтау – баршамызға ортақ міндет.
СНХ: МЕДЕУ ӘБЖІКОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өзіміз мақтанатын, бүкіл республика білетін Көбейтұз өңіріне келіп, көлдің жиегін қоқыстан тазартып жатырмыз. Сіздерден бір үлкен сұраныс, ел болып, жер болып, халық болып, өзіміздің осы табиғатымызды бірге қорғап, тазалығына атсалысуға шақырамын. Келіңіздер! Еліміздің тазалығы, барлығы өзіміздің қолымызда. Сондықтан да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына барлығыңызды қатысуға шақырамын.
РКС: Көбейтұз көлі - табиғаттың сыйы, ұлттық байлық. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпалы зор,- дейді ұйымдастырушылар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ