ДИКТОР: Шортанды ауданы Бозайғыр ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ғимараттың ашылуы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов пен бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов қатысты.
РКС: Тамила Ибраева дзюдомен жарты жылдан бері айналысып келеді. Жаңа оқу жылында 9 сыныпқа барған ол енді жаттығу үшін алысқа бармайды. Соңғы үлгідегі мамандандырылған залдың ашылуы біз үшін үлкен қуаныш дейді ол.
СНХ: ТАМИЛА ЫБЫРАЕВА, БОЗАЙҒЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі жаттығу өте жақсы өтті. Жазғы демалыстан оралып жатырмыз. Мына спорт кешені бізге қатты ұнады, бұған дейін мектептің спорт залында жаттығатынбыз. Ол жерде залы өте кішкентай болды.
РКС: Өңір басшысы алдымен аудан тұрғындарын Ата Заңымыздың 30 жылдығымен құттықтады. Марат Ахметжанов жаңа спорт кешені әр адамның дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов шәкірттеріне биік жетістіктер, ал жаттықтырушыларға болашақ чемпиондар дайындауда сәттілік тіледі.
СНХ: МАРАТ БАЙМҰХАМЕТОВ, УЧАСТКЕ БАСТЫҒЫ: Кешенді жоспарлаған уақытта тапсырдық. Бұл ғимарат 2300 шаршы метрді алып жатыр. Көрерменге арналған 300 орындық зал бар. Жеке жаттығу және екінші қабатта күреске арналған зал орналасты. Конструкциясы стандарттарға сай келеді. Мұндағы 3 қазандық «Бозайғыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жылытады және оған қосымша мектепті де қостық.
РКС: Кешен құрамында әмбебап спорттық және жаттығу залы, күреспен шұғылдану үшін арнайы жабдықталған нысан бар. Спорт кешенінің ашылуы ауылда жаңа 20ға жуық жұмыс орнын ашуда.
СНХ: УӘЗИРА ЗАРЛЫҚАНҚЫЗЫ, БОЗАЙҒЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылда мен 30 жылға таяу тұрамын енді. Оң баланы тәрбиелеп өсіріп жатқан 10 баланың анасымын. Міне жақсы әдемі спорткешені салынып жатыр. Осы өте жақсы болды. Бала-шағаларымызға да жақсы, жұғысты болып, чемпион болсын. Әрі қарай балаларымыз табысты болсын. Өркендеп жатыр, Бозайғырымыз өте жақсы болды.
РКC: Бұқаралық спорт – дені сау жастарды, жалпы ұлтты тәрбиелеудің кепілі. Жаңа спорткешені тұрғындардың жан-жақты дене шынықтыруына қажетті жағдай жасап, түрлі деңгейдегі спорттық шаралар өткізетін ауылдағы негізгі орталыққа айналмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.