ДИКТОР: Атбасар қаласындағы теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қалалық саябақ та жаңартылып жатыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов ауданға жұмыс сапары барысында жаңғырту жұмыстарымен танысты.
РКС: Атбасар теміржол вокзалы 1956 жылы қолданысқа берген. Содан бері мыңдаған жолаушыны шығарып салып, қарсы алып келеді. Соңғы рет осыдан он жылдан астам жаңартылған. Содан бері құрылысшының қалағы тиген жоқ. Қазір вокзалда күрделі жөндеу қызған шақ. Құрылысшылар нысанды қайта монтаждап жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі ғимаратты жаңғырту өз алдына, ал ең бастысы оның тарихи келбетін сақтап қалу қажеттігін тапсырды. Өйткені, Атбасар ежелден маңызды теміржол торабы.
ЛЮФТ: Сейчас подъездных путей нет нормальных, остановиться негде, перебегают люди. А мы все это благоустроим… - Жол болмайды, подъезд болмайды … это все подсчитывайте. Где-то мы это увеличиваем, парковки уменьшаем. Комплексно надо подходить. Чтобы людям было удобно и красиво в то же время. Мы аллею хотим перекрыть и полностью аллею сделать здесь. Это будет продолжением от ЖД Вокзала до ЖД парка.
РКС:Теміржол саябағы 2021 жылы сенімді басқаруға берілген. Соның арқасында соңғы жылдары балаларға арналған аттракциондар, ойын алаңдары, субұрқақ пайда болды. Таза ауада бос уақытты өткізіп, белсенді демалыс үшін өзге де жағдайлар жасалды. Барлық жұмысты құрылтайшы өз қаражаты есебінен жабдықтауда. Аумақты тазарту, көшеттер отырғызу, айналаны қоршау жұмыстарын да өздері атқарады.
СНХ: МАКСИМ ПАТЧЕНКО, ТЕМІРЖОЛ САЯБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Саябақты біз сенімді басқаруға алғаннан кейін бір жылдан соң қалыпқа келтіре бастадық. Қазір айнала тап-тұйнақтай. Бұрын жағалай арамшөп қаптап кеткен еді, қоқыс та көп болатын. 49 жылға сенімді басқаруға алдық. Сондықтан жоспарымыз да көп. Жыл сайын жаңартып, күзде 50-ге тарта жаңа көшет отырғызуға тырысамыз. 3 субұрқақ қойып жатырмыз. Болашақта диаметрі шамамен 25 метр болатын жер шары болады. Сахнаны ауыстырамыз. Апта сайын саябақта түрлі жас санатындағы адамдарға би кештерін өткіземіз. Концерт ұйымдастырып, соларға шақырамыз.
РКС:Сондай-ақ, жуық арада Атбасарда кинотеатр пайда болады. Аялдамалар жаңартылып, Ілияс Есенберлин атындағы саябаққа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бірлік және Железнодорожная көшелерінің жолдары да жөнделуде. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жолақ салынып, бағдаршамдар мен жол белгілері орнатылды. Жолаушылардың жайлылығы да ескеріліп, қала ішінде қатынайтын жаңа 3 автобус жолға шықты.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.