ДИКТОР: Ақтөбе қаласында ірі логистикалық хаб ашылады. Түркияға жасаған ресми сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесіп, жобаның жүзеге асырылу барысын талқылады. Тағы бір түрік компаниясы ауыл шаруашылығы саласына 160 млрд доллар инвестиция құймақ.
ИНТЕРШУМ:
КСМ: Анкара. Есенбоға әуежайы. Құрмет қарауылы сап түзеп, мәртебелі мейманды қарсы алуға дайын тұр. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өзі қарсы алды.
ИНТЕРШУМ:
КСМ:Лидерлердің жылы жүздесуі қос елдің бауырластық қатынасын аңғартып тұрғандай. Одан соң екі ел басшылары әуежайда аз-кем әңгімелесіп, ресми сапардың маңызы мен мазмұны тоқталды.
КСМ: Қазақстан мен Түркия көшбасшылары сапарды Анкара төріндегі Ата Түрік кесенесіне арнайы барып, зиярат етуден бастады. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше бизнес өкілімен жеке кездесті. Қазақстанның транзиттік ахуалын арттыру бойынша ірі жобалардың іске асырылу барысын талқылады.
СНХ: НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Самрұқ қазынаның еншілес компаниясы Қазпошта Түрік логистикалық ЕС систем компаниясымен бірлескен кәсіпорын құруда. Бұл бірлескен кәсіпорын Ақтөбенің әуежайында логистикалық хабты салып жатыр. Бұл жобаны келесі жылдың аяғына дейін іске қосатын боламыз.
СНХ: ХУСЕЙН АРСЛАН, YDA HOLDING КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Біз Қазақстанда 23 жылдан бері жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде инвестициялық портфеліміз 2 млрд долларын асады. Зауыттарымыз, әуежайларымыз, медициналық мекемелеріміз бар. Қазақстан Президенті кәсібімізді кеңейту үшін қолдау болатынын айтты.
КСМ: Қазіргі кезең – адамзат тарихындағы аса маңызды бетбұрыс сәті. Әлем даму жолының жаңа бағытына қадам басып, бұрынғы басымдықтар мен сұранысқа ие салалар өз маңызын жоғалтып келеді. Бүгінде әрбір ел, әрбір өңір жаңа мүмкіндіктерді бағамдап, даму тұғырын қайтадан саралап жатыр,-деді саясаттанушы. Осындай кезеңде Түркі мемлекеттері де тың серпін алып, келешекті көздейтін ауқымды жобаларды қолға алуда.
СНХ ЖАНЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫ, САЯСАТТАНУШЫ: Заңгиур дәлізі. Бұл дегенің түркия мен Әзірбайжанді тікелей байланыстыратын дәлізді құру. Сол арқылы орта азияны, Қытайды және Еуропаны байланыстыратын орта дәлізді дамыту деген сияқты жобалар қазір күн тәртібінде тұр.
КСМ: Жалпы, Көлік саласы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалы тұрақты дамып келеді. Былтыр темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 14% өсіп, 4,8 млн тоннадан асты
СНХ: МЕХМЕТ СЕЙФЕТДИН ЭРОЛ, АНКАРА ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Қазақстан ерекше басымдық беріп отырған транскаспий халықаралық көлік дәлізі Түркия үшін өте маңызды. Біз оны Қытай сияқты алып державамен байланысты сақтап қана қоймай тереңдете түсуге мүмкіндік беретін бағыт деп есептейміз.
КЕСТЕ: Былтыр Түркиядан Қазақстанға 598 млн доллар тікелей инвестиция тартылды. Бүгінде түрік кәсіпкерлерінің капиталымен құны 3 млрд. долл. асатын 80 жуық жоба жүзеге асрылып жатыр. Тағы 4,2 млрд. долларлық 39 жоба жуырда қолға алынбақ.
СНХ: БАУЫРЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Түрік компаниялары Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап бізде жұмыс істеп келе жатыр. Бүгінде олардың саны бес мыңнан асты. Оның отыз пайызға жуығы құрылыс саласында. Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, туризм сияқты бағыттар да түрік кәсіпкерлерінің арасында үлкен сұранысқа ие.
КСМ: Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктесі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша үздік төрттікке кірді. Тауар айналымы бір жылда 5 млрд. долларға жеткен. Түркия Президент сарайында өткен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер кезінде лидерлер мен делегация мүшелері бұл көрсеткіштерді еселеу мәселесін талқылады.
СНХ: ДЖЕМИЛЕ КЫНАНДЖЫ БАРАН - ТҮРКІ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұған дейінгі кездесулерінде Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға экономикалық, саяси бағытта ғана емес әскери мәселелер бойынша да қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген. Ал түркияда болған қатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан мемлекет тарапынан ғана емес қарапайым халқына дейін бірігіп көмектерін көрсетті. Бұл екі елдің кез келген жағдайда бірге бола алатынын дәлелдеп отыр.
ТАРТЫЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ - 598 МЛН ДОЛЛАР
ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН ЖОБАЛАР - 80
ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ЖОБАЛАР - 39