ДИКТОР: Шілденің 27-сі 29-ы аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Рейд барысында құқық қорғау органдары кәмелетке жасы толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті. Полиция қызметкерлері түнгі уақытта көшелерде, жастар көп жиналатын орындар мен ойын-сауық мекемелерінде патрульдеуді күшейтті. Тек екі күн ішінде жүздеген құқық бұзушылық фактісі анықталды.
РКС: Рейдтің алғашқы күндерінде тәртіп сақшылары 224 құқық бұзушылықты тіркеді. Ата-аналардың өз міндеттерін орындауы ерекше бақылауда. Балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін 16 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, буллинг фактілері де анықталды. Үш жасөспірім өз қатарластарын қорлаған.
СНХ: ЭЛЬМИРА ТАСБЕРГЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Көкшетау қаласының полиция басқармасы білім басқармасымен бірлесіп ойын-сауық орындарында және жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз жүру фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізуде.
РКС: Мас күйінде болған 11 жасөспірім анықталды. Түнгі уақытта көшеде ересектерсіз жүрген 190-нан астам бала ұсталды. Кәмелетке жасы толмаған 24 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Сондай-ақ, отбасында құқық бұзушылықтар тіркел ген 23 ата-ана анықталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ