ДИКТОР: Ақмола облысындағы поляк бірлестігінің табысты жұмыс істеп келе жатқанына 35 жылдан асты. Осы уақыт аралығында бұл ұйым поляк мәдениеті мен тілін сақтау орталығы ғана емес, сонымен қатар достықтың, өзара сыйластық пен шығармашылық дамудың алаңына айналды.
РКС: Бұл ғимаратта күн сайын поляк тілін үйрететін сабақтар өтеді. Кездесулер ұйымдастырылады. Ақмола облысындағы поляк бірлестігі Қазақстанда алғашқылардың бірі болып құрылған ұйым. Бірлестікте ұрпақтар сабақтығы үндескен. Олар поляк мәдениетін халықаралық деңгейде танытып жүрген ұрпақ.
СНХ: НАТАЛЬЯ НАГАЧЕВСКАЯ, «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛЯКТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің бірлестіктің құрылғанына 35 жылдан асты. Біздің қызметіміз поляк халқының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін сақтауға бағытталған. Қазақстан мен Польша арасында келісім бар. Оған сәйкес бірнеше жыл қатарынан Достық үйіне Польшадан поляк тілін үйрететін мұғалімдер келеді. Олар ниет еткендердің бәріне түрлі шаралар ұйымдастырады. Тағы бір айта кетейін дегенім, біздің барлық мерекеде тек поляк ұлтының өкілін ғана емес, өзге де этномәдени бірлестіктердің өкілдерін кезіктіруге болады. Өйткені, Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бірегейміз.
РКС: Поляк бірлестігі білім және мәдени бағдарламаларды қарқынды дамытуда. Жастарға ерекше басымдық беріледі. Польша ұйымдарымен ынтымақтастықтың арқасында орталыққа келушілер тарихи Отанына бару мүмкіндігіне ие болуда. Онда салт-дәстүрлерді үйреніп, тарихи және мәдени орындарды аралайды, сонымен бірге ауызекі поляк тілін меңгереді.
СНХ: ЯНИНА РАКОВСКАЯ, БІРЛЕСТІК МҮШЕСІ: *приветствие на польском* Поляк тілін үйреніп жүргеніме 3 жыл болды. Биін де меңгеруге талпынып жүрмін. Тұрақты түрде кештер ұйымдастырылып тұрады. Ол жерде біз поляк тілінде сөйлейміз, ән айтамыз, би билейміз. Өте қызықты әрі тартымды. Поляктардың салт-дәстүрінен бөлек, қазақстың әдет-ғұрыптарын да осы жерде үйренеміз. Мен үшін өте қызықты, өйткені мен қазақ сыныбында оқимын. Кей кездері ұстаздарыма білетін салт-дәстүрлерім жайында айтып беремін.
СНХ: АНАСТАСИЯ КРАСНОПОЛЬСКАЯ, БІРЛЕСТІК МҮШЕСІ: Қазақстан мен Польша арасындағы байланысты нығайту мақсатында біз тілдік лагерьлерге барамыз. Келесі жылы мен Польшаға оқуға түспек ниеттемін. Оқуымды аяқтаған соң Қазақстанға келемін. Біліммен осы жерде бөлісемін. Мүмкін поляк тілін үйрететін курс ашатын шығармын. Достық үйіндегідей өзге халықтың мәдениетін адамдардың көбірек танып-білгенін қалаймын.
РКС: Бірлестіктің репертуарында халық әндері, билері, театр қойылымдары бар. Ұжым әрдайым Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысады. Жұмыс істеген жылдардан бастап орталық аймақтағы халықтар достығының символына, салт-дәстүрлер мен мәдениетке қатысты диалогтың алаңына айналды.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ