ДИКТОР:Целиноград ауданы — ел астанасына іргелес жатқан өңір. Бұл аймақта соңғы жылдары инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлініп келеді. Алайда сол бастамалардың барлығы бірдей ойдағыдай жүзеге асып жатыр дей алмаймыз.

РКС:Бұл ауылдағы 80 орындық мектеп құрылысы "Ер Қанат сервис" серіктестігі мердігерлік ұйымының келісімшарттық міндеттемелерді жосықсыз орындамауына байланысты созылды. Сондықтан, аталған мердігермен шарт бұзылды. Былтыр шілдеде құрылысты аяқтау үшін "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. Биыл облыстық бюджеттен 157,8 млн. теңге бөлінді.

СНХ:МАРЖАН КӘРІКОВА, ЖАҢАЖОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мектебіміздің салынғанына осы 5 жыл болып қалды. Әлі бітпей жатыр. Сырты, бәрі кірпіштері түсіп жатыр. Негізі барлығымыз осы мектепке кіргенімізді қалар едік. Салынған кезде қуанған едік. Бірақ, 5 жылдан астам уже, міне салынуы бітпей жатыр.

СНХ:ГАУҺАР ҚАЙРУЛИНА, ЖАҢАЖОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы мектептің ашылмай жатқанына көп болды. Басқа не айтамын енді. Тезірек ашылсын деймін. Соған тілеймін. Сол айтатыным. Жиен немерем бар. Болашақта осы мектепке беремін. Расында да ашылмай жатыр. сол ашылғанын тілейміз бәріміз де. Сол айтарым.

РКС: Бүгінгі күні мектеп ғимараты бойынша жұмыстар аяқталды. Қазір технологиялық жабдықтар әкелінді. Электрмен жабдықтау желілері орнатылуда. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. 1 қыркүйекте жаңа ғимаратта оқу процесін бастау жоспарланып отыр.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ