ДИКТОР: Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және экологиялық ахуалын көтеруге бағытталды.

РКС: Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, волонтерлер, жастар ұйымдары мен қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде қала көшелері, саябақтар, аулалар мен қоғамдық аумақтар тазартылды.

СНХ: ЗАУР СМАҒҰЛОВ, ДЕРЖАВИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Таза Қазақстан» акциясына меншік түріне қарамастан шаһардағы барлық ұйым мен мекемелер қатысты. Ағаштар сиретіліп, арамшөптер шабылды. Жалпықалалық сенбілікке фронтальды тиегіш пен самосвал техникасы жұмылдырылды. 100 текше метрден астам қоқыс жинадық. Мұндай акция әлі де жалғасады.

РКС: Алдағы уақытта Державинск қаласында сенбіліктер, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі сенбілік тек тазалық шарасы емес, ол ең алдымен туған жерге деген жанашырлықтың, азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі. Мұндай бастамалар қоғамды біріктіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.