ДИКТОР: Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас сарбаздар Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу үшін Ұлттық ұланның қатарын толықтырды. Бұл - олардың елге адал қызмет етуге, ерлік пен елжандылыққа бастар жолындағы алғашқы қадамдарының бірі. Өткен демалыс күндері Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінде жаңадан шақырылған сарбаздар салтанатты түрде ант берді. Сарбаздар еліміздің Конституциясын және халқын қорғауға, әскери жарғы талаптарын мүлтіксіз орындап, Отан алдында адал қызмет етуге ант берді.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті. Мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 330-ға жуық жас сарбаз қатысты.

РКС: Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Шара барысында әскери бөлім командирі жас жауынгерлерді құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

СНХ: БЕРІК ҚОЖАХМЕТОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНҢ КОМАНДИРІ: Әскери ант – бұл жауынгерлік, бұлжытпай орындайтын заңы. Ант қабылдағаннан бастап жауынгер өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Сарбаздар, әрқашанда Отан қорғаушысы жоғары атын мақтаныш пен абыроймен ұстаңыздар!

 РКС: Бұдан соң жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант берді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Әскери борышын өтеуге келген сарбаздардың қатарында Азамат Зиятханов та бар. Ол Алматы облысы Қонаев қаласынан келген. Жас сарбаз үшін Ұлттық ұлан қатарына қосылу - үлкен жауапкершілік пен мақтаныш,-дейді ол.

СНХ: АЗАМАТ ЗИЯТХАНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Осында №5510 әскери бөлімінде қызмет етемін. Қазіргі таңда әскери ант қабылдау өтіп жатыр. Әскери антқа біз оқу бөлімімен бірге дайындалдық 1,5 ай бойы. Әскерге өз еркіммен келдім. Отан алдындағы борышын әр азамат өтеу керек деп есептеймін.

РКС: Ант беру рәсімі – әр сарбаздың ғана емес, олардың ата-аналары үшін де ерекше толқынысқа толы күн. Перзенттеріне қолдау көрсетіп, еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген сарбаздардың ата-аналары да шынайы тілектерін білдірді.

СНХ: ҚУАТ ДӘРУБАЕВ, САРБАЗДЫҢ ӘКЕСІ: Бүгін менің үшінші балам әскер қатарына қосылып, өз борышын ақтап жатыр. Өзіміздің жас кезіміз де еске түсіп жатыр. Офицерлерге рахмет. Керемет ұйымдастырыпты. Балаларға тілейтініміз бірінші - денсаулық, екінші – қажымас қайрат. Рухтарын төмен түсірмей, еліміздің, Отанымыздың қорғаушылар, мықты қорғаушылар қатарына қосылғанына күмәнім жоқ. Үйлеріне аман-есен қайтсын.

СНХ: ГҮЛМИРА ӨКЕТАЕВА, САРБАЗДЫҢ АНАСЫ: Борышын өтеп, аман-есен ортамызға оралса екен дейміз. Бәріне тілеймін, баласы аман-есен орталарына оралып, Отан алдындағы борышын өтеп. Бар жақсылықты тілеймін.

СНХ: САЯТ ҚАНАҒАТОВ, САРБАЗДЫҢ ӘКЕСІ: Өзінің отандық борышын өтеуге түсті. Бүгін присягасын қабылдап, ант қабылдап алды. Үйімдегі үшінші ұлым. Үлкен ұлым да осындай Ұлттық Ұланда Астана қаласында борышын өтеген. Отан борышын өтеуге келген балаларымызға борышын жақсылап өтеп, өздерінің үйлеріне аман-есен келуіне тілеймін.

РКС: Айта кетейік, еліміздің 11 өңірінен Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздар бір ай бойы алғашқы әскери дайындықтан өтті. Бұл кезеңде олар әскери қызметтің алғашқы негіздерін меңгеріп, саптық дайындық пен қару-жарақты қолдану тәсілдеріне машықтанды. Сонымен қатар, әскери жарғы талаптарымен, жауынгерлік тәртіппен танысып, ұжыммен бірлесе әрекет ету дағдыларын қалыптастырды. Шара соңында сарбаздар қару ұстау шеберлігін ортаға салды. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ