ДИКТОР: Степногорскіде көпфункциялы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл спорттық жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында инвестор есебінен жүзеге асырылуда. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов болашақ спорт сарайының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жаңа спорттық орталық 6 мың шаршы метрге жуық аумақты алып жатыр. Кешен төрт негізгі блоктан тұрады. Тренажёр залы, 30 адамға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындары бар бассейні орналасады. Сондай-ақ, 320 көрерменге арналған трибунасы бар әмбебап спорт залы, көркем гимнастика, бокс және үстел теннисі залдары да қарастырылған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін сіз бен біз маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз.Ол тек Степногорск шаһары үшін ғана емес, жалпы өңірдің дамуы үшін зор үлес қосады. «Алтыналмас» акционерлік қоғамымен меморандумға қол қойдық. Компания заманауи спорт кешенін салуға қатысты міндеттемелерді өз мойнына алып отыр. Бүгін құрылыс жұмыстарын бастаймыз.

РКС: Аталған нысан келер жылы спортшылар мен қала тұрғындары үшін қолданысқа беріледі. Құрылыс «АЛТЫНАЛМАС» компаниясының жеке қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында оған 12 миллиард теңге бөлінді.

СНХ: БАЛАМИР МАХАНОВ, «АК АЛТЫНАЛМАС» АКЦИОНЕРЛК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біз қаламызда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастағалы отырмыз. Бұл жерде заманауи, көпфункциялы спорттық нысан болады. Бұл жобаның Степногорск қаласында спорттың дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Өндірістік шаһар спортшыларымен танымал. Жыл сайын осы қалада өтетін Бөгенбай батыр атындағы турнир соның айқын дәлелі.

РКС: Болашақта бұл спорт сарайы ірі жарыстар өткізетін алаңға айналмақ. Сонымен қатар Степногорск қаласының еліміздің спорттық картасындағы орнын нығайтады,-дейді Баламир Маханов.Бұдан бөлек, инвестор шаһардағы 9-шы шағын ауданда 1 мың орындық заманауи мектеп салуды көздеп отыр. Жобаны жүзеге асыруға компания қосымша 10 миллиард теңге бөлген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деген жоспар бар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ