ДИКТОР: Жақсы ауылының Оқушылар үйінде 30-ға жуық үйірме жұмыс істейді. Аудан бойынша бірнеше филиалы бар. Дарынды балаларды даярлайтын бұл білім ордасының жұмысымен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.

РКС: Жақсы ауданында үш қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оқушылар үйі, музыка мектебі және жас натуралистер станциясы. Аталған мекеме 1961 жылы ашылған. Сол уақыттан бері бұл білім ордасы көптеген жетістіктерге жетіп келеді.

СНХ: АЙДАНА ЕСІЛБАЕВА, ОҚУШЫЛАР ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Биыл көктемде дарынды оқушыларға аудан әкімінің атынан ақшалай сертификаттар берілді. Оның ішінде біздің оқушылар үйінің дарынды балалар Қадралина Толқын, Бекишева Зарина, Мелани Выломова және басқалары. Дарынды оқушылар біздің үйірмелерге келіп, болашақта өз өмірлерін шығармашылықпен байланыстырғысы келеді. Емтихандарына осында дайындалады.

РКС: Мекемеде бірнеше бағыттағы үйірме жұмыс істейді: ұлттық үйірмелер, вокалдық және музыкалық бағыттар, театр және хореография студиялары, ғылыми-техникалық және қолданбалы үйірмелер, сондай-ақ көркем өнер бағытындағы үйірмелер де бар.

СНХ: МИЛАНА ГЕЗГУ, ОҚУШЫЛАР ҮЙІ КӨРКЕМДІК ҮЙІРМЕЛЕРІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жуырда Алматы қаласында өткен халықаралық кинофестивальге қатыстық. Оған халықаралық деңгейде 1160 өтінім қабылданды. Біздің анимациялық фильміміз «Гуманизм» номинациясын жеңіп алды. Мен жоғары оқу орындарына түсуге арналған шығармашылық дайындық сабақтарын жүргіземін. Екі оқушым Қазақстанның өте беделді жоғары оқу орындарына грантқа түсті.

СНХ: ГҮЛСІМ ТӨЛЕГЕНОВА, ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ: 2 жыл бұрын мен Оқушылар үйін тәмамдадым. Барлық ұстаздарыма, әсіресе Милана Альбертовнаға алғысым шексіз, өйткені олар маған емтихандарға дайындалуға көмектесті, соның арқасында мен оларды үздік тапсырдым. Қазір Қазақстандағы өнер саласындағы ең танымал оқу орны – Қазақ ұлттық өнер университетінде грантта оқып жатырмын. Болашақта оқуымды аяқтаған соң өз жобаларыммен айналысқым келеді немесе оқуымды магистратурада жалғастырамын.

РКС: Айта кету керек, Жақсы ауданы бойынша әр мектепте Оқушылар үйі үйірмелерінің филиалдары бар. Дарынды оқушылар бұл үйірмелерге қызығушылықпен қатысып, аудандық, облыстық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.