ДИКТОР:Қосшы қаласында жүздеген адам ұзақ жыл күткен баспанасына қол жеткізді. Атышулы "Сиреневый сад" тұрғын үй кешенінің үлескерлері өз пәтерлерінің кілтін алды. 2013 жылы құрылысқа қаражат салған 110 отбасы 11 жылдан кейін үйлерінің иесі атанды. Айта кетейік, баспана кілтін салтанатты тапсыру рәсімі Қосшы қаласының күніне тұспа-тұс келді.

РКС: "Сиреневый сад" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2014 жылы басталған еді. Бірақ осы күнге дейін жоба аяқталмай келді. Құрылыс жұмыстары былтыр жанданып, небәрі 8 айда аяқталды. Кешен "Ынтымақ" атауын алды. Оның өзіндік себебі де бар. Ол нысанның жаңа өмірін және үміт отының сөнбегенін білдіреді, - деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы жерде біраз үлекскерлер тұр. 11 жыл созбаланысқа салған, өкінішке орай. 11 жыл бойы өз баспанасын күткен «Ынтымақ» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үшін бүгін ерекше күн. Көптеген жылдар бойы күткен қуаныштың сәті түсіп, қоныс тойын тойлағалы отырсыздар. Бұл – көптің үміті мен сенімі ақталған сәт деп нық сеніммен айтамын! Осы қараша айында басталды. 8-9 айдың ішінде осы заманауи үй лер бой көтерді. Ол да қазіргі заманның талабына сай салынған.

РКС: Сеңді орнынан қозғалту үшін облыс басшылығы жергілікті инвестормен келісімге келді. Тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. 549 пәтер бар. Оның 110-ы үлескерлерге берілді. Бұл көптен күткен оқиға.

СНХ: ГҮЛНӘР НҰРЖІГІТОВА, ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Осы үйді 11 жыл күттік. Үмітіміз алдамады. Керемет әсем де жайлы үйге қол жеткіздік. Аула үшін алғысымыз тіптен шексіз. Мынадай керемет аулада балаларымыз шат-шадыман күлкіге бөленіп, отбасымызбен серуендейміз.

РКС: Қалған пәтерлер кезекте тұрғандар мен әлеуметтік жағынан осал топ санатына жататын тұрғындар арасында бөлінеді. «Ынтымақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы аймақтағы сақалды құрылыс мәселесін шешудің маңызды қадамы. Келесі кезекте құрылысы ұзаққа созылып кеткен «Diamond Park» кешенінде де жұмыстар жуыр арада басталады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ