ДИКТОР: Атбасар және Астрахан аудандарындағы өзендердің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынының алдын алу шарасы аясында Қалқұтан және Жабай өзендерінің арнасы тазартылып жатыр. Жұмыстардың барлығы су тасқынының алдын алу шарасы аясында жүргізілуде. Өзендердің арналары кеңейтіліп, түбі тереңдетілуде, жағалауын нығайту жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірлерге сапары аясында ағымдағы жұмыстарлың барысымен танысты.

РКС: Қалқұтан өзені арнасының ұзындығы 3,5 шақырым. Бұл өзенннің ерекшелігі, көктемде ол арқылы Бурабай, Бұланды және Шортанды аудандарындағы өзен-көлдердің суы өтеді. Арнасынан төгілуінің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі суды бұру, елдімекендердің айналасындағы біліктерді нығайту және өзенді кеңейту жұмыстарын жүргізуде.

СНХ: АЛИМХАН ДОСОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНДАҒЫ ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ: Жұмыс аяқталуға жақын, 90 процентін орындап болдық. Өткен жылдың қарашасында бастаған едік. Су тасқыны кезеңінде біз кезекшілік атқардық. Техника жұмыс істеді. Адамдар көмектесті. Су тасқынынан кейін алдын алу мақсатында жер снаряды істеп тұр.

РКС: Жобаға сәйкес жауапты тұлғалар жағалауды 5-тен 36 метрге дейін кеңейтті. Ал өзеннің түбі тазартылып, 5 метрге дейін тереңдетілуде. Бұл жұмыстар былтыр басталған. «Демеу Қазақстан қорының» демеушілігі есебінен қаржыландырылуда. Атбасар ауданында Жабай өзенінің арнасын түзетуге және кеңейтуге, сонымен бірге түбін тереңдетуге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Аталған шара су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспардың аясында жүзеге асырылып жатыр. Ақан Құрманов, Новомариновка, Сочинское, Сергеевка, Ащыкөл, Тимашевка ауылдарында және өзге де елдімекендерді қосқанда 30-та тарта шара өткізу қарастырылған.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ГАЕВСКИЙ, «ЦЕЛИНГИДРОТЕХ» СЕРІКТЕСТІГІ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Жоба Атбасар қаласында орналасқан. Ұзындығы 7,2 шақырым. Қазір кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. 12 техника, 10 экскаватор мен 2 жер снаряды жұмылдырылған. Дәл қазіргі сәтте біз біршама қиындықтарға тап болып отырмыз. Батпақты жер көп, соның салдарынан жұмысымыз сәл кідіруде. Наурыз айынан бері жұмысты бастап кеттік, төтенше жағдай режимінде жұмыс істедік. Бүгінгі күнге дейін 6,2 шақырым арна тереңдетілді. Ені 70-тен 100 метрге дейін жетеді.

РКС: Айта кету керек, өткен жылы жүргізілген жұмыстардың арқасында биыл өзендегі су кедергісіз өтті.

ЛЮФТ: Ескі арнаны біз толығымен жауып тастамақшымыз. Бұған дейін өзіңіз тапсырма бергеніңіздей, Балкашинодағыдай еш саңылау қалдырмаймыз. Жоспар бойынша биыл жобаның тең жартысын аяқтамақпыз. Келесі су тасқыны кезеңіне дейін 85 процентін, ал қалған бөлігін келер жылы су тасқыны кезеңінен соң бітіреміз. 2,5 текше метрдей топырақты алып, шығаруымыз керек. Өзен ағысы еркін өтеді, еш қауіп төнбейді.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов су тасқынының алдын алу шараларын сапалы орындауды жалғастыруды тапсырды. Айта кету керек, Атбасар ауданында су өткізетін 22 құрылыс орнатылған. 5 шақырымдай үйме тұрғызылып, 14 шақырым арна мен арық тазаланды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ