ДИКТОР:Қазақтың даласын қымыздың иісінсіз елестету қиын. Бүгінде бұл ұлттық сусынды баптап, нарыққа шығарып отырған жандар аз емес. Солардың бірі — Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылының тұрғыны —Гүлжиян Темірбаева. Ол соңғы он жылдан бері қымыз өндірумен айналысып келеді.

РКС:Бұл – қазақ даласының жусанды жұпарымен тыныстаған ежелгі дәстүрдің бірі – қымыз баптау өнері. Ақ сабаның иісімен, жылқының дәмімен біте қайнасқан ұлы мұра.Мына ақ жаулықты ана – сол мұраны тірілтіп отырған бүгінгі күннің шебері.Гүлжиян апай үшін қымыз дайындау — күнделікті тіршілік қана емес, өмірінің бір бөлігі. Таң ата бие сауып, қымыз ашытуды күбі ыстаудан бастайды. Барлығы дәстүрге сай.Күбіні хош иісті қайың ағашымен ыстаймын. Сауылған бие сүтін алдымен ескі қорға қосамыз. Осылайша, бабымен ашытылған қымыз дәмді әрі шипалы болады,-дейді Гүлжиян апай.

СНХ:ГҮЛЖИЯН ТЕМІРБАЕВА,ҚЫМЫЗ ӨНДІРУШІ: 98 жылы көшіп келдік, 99-жылдан бастадық. Содан ақырын-ақырын көтеріле бастадық.Содан кейін 2000-шы жылы «Сұңқар» деген оздоровительный лагерь ашылды. Оған Атырау, Жаңаөзен, Маңғыстау сол жақтың мұнайшылардың балалары отдыхать ететін де. Соларға таси бастадық. Бұрыңғы кезде осы қымызды 80-ші жылы мамам бастаған.Көкшетауда «Құлагер» деген кафе болатын, соған тапсыратын.

РКС:Таңмен таласа оянып, сабасын иітіп, бие сауады. Қымыз – жай ғана сусын емес. Ол – шипа, ол – салт, ол – рух.Ал қымыз баптаушы – соның ұйытқысы.Бүгінде қымыз — тек ұлттық тағам емес, экономикаға да үлес қосатын өнім. Жергіліктікәсіпкерлерүшінбұл — табыскөзі, ал халықүшін — денсаулықкепілі. Гүлжиян апай аптасына шамамен 70 литр қымыз дайындайды. Сусыны тек ауыл-аймаққа емес, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе мен Астана қалаларына да жөнелтіледі.

СНХ:ГҮЛЖИЯН ТЕМІРБАЕВА,ҚЫМЫЗ ӨНДІРУШІ: Ақтөбеден өзі бір клиенттарымыз бар. Міне 5-ші жылы келіп кетті. Май кезінде 10 күн жатып сүтін ішіп кетеді. Ол кісілер кишечникке бір профессор айтыпты. Бір емін таба алмаған. Дәрі ештеңе қолданба, саған айтатыным сол барып сүтін іш. Сол сүтін ішіп Ақтөбеде бар ғой деп ол жақта разнотравья жоқ дейді.Сол Зерендіге келіп сұрағанда адамдар біздің адресті айтқан. Осы кезге дейін 26 жыл болды. Ковид кезінде 2 жыл тоқтап қалды ғой.Сол кезде адамдар есік алдында тізіліп тұрады. Телефонға дамыл жоқ. Список құрамын.

СНХ:ДОСЫМБЕК ТЕМІРБАЕВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ИЕСІ: Осы Қойсалған ауылы өте киелі жер. Бұл жерде шөптің түр-түрі бар. Жан-жаққа қымыздар өткізіп жатырмыз. Сонымен өз нәпақамызды тауып жатырмыз.Семьямызды асырап жатырмыз.Бүкіл жастарды осы біздің эстафетамызды әрі қарай алып, жастар әрі қарай жалғастырса екен деймін. Бұл біздің ата кәсібіміз.Жақсы кәсіп. Қазір тойлардың өзіне бұрыңғыдай арақ-шарап ішпейді. Бәрі қымызға заказ береді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Үлкен жеңіс деп ойлаймын. Осы бала-шағамызбен осы жұмысты әрі қарай дамыта береміз қолымыздан келгенше.

РКС:Бір кесе қымыз – бір ғасырлық тарих. Ол кесенің түбінде батырлардың рухы, аналардың ақ сүті, даланың дарқандығы жатыр.Қымыз өндірісі дұрыс жолға қойылса, алдағы уақытта халықаралық нарыққа да шығу мүмкіндігі бар.Ұлттық сусындыбаптап, ұрпаққааманаттапкележатқанГүлжиян Темірбаева сындыжандар — ауылдыңғанаемес, елдіңруханибайлығынсақтаушылар. Қымыз — қазақтыңқазынасы.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ