ДИКТОР: Мектеп оқушыларының каникулы кезінде оларды жазғы демалыспен қамту мәселесі қашан да өзекті. Сондықтан оны ұтымды ұйымдастыру мақсатында түрлі деңгейдегі лагерьлер жұмыс істеп тұр. Елдімекендердегі білім ошақтарының жанынан жазғы лагерьлер жасақталды. Жақсы ауылындағы №1 мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы лагері маусымның 1-інен шілденің 21-не дейін балаларды қабылдады. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Жазғы лагерь балаларды сауықтырып, бос уақытын тиімді өткізуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық береді. Мектеп жанындағы шағын лагерьге келетін балаларға да түрлі қызықты бағдарламалар қарастырылған. Ертегілер әлеміне саяхат жасап, дене шынықтыратын дала ойындарында да белсенділік танытты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: КЕНЖЕГҮЛ АЯПБЕРГЕНОВА, ЖАҚСЫ АУЫЛЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Мектеп жанында 3 ауысымда жазғы лагерь болды. Оқушыларға өте қызықты болды. Жалпы 51 оқушы қатысты. Таңғы жаттығулар жасайды оқушылар. Түскі астарын ішеді. Сағат 9-дан бастап, 1-ге дейін лагерь болды.
РКС: Жазғы лагерь жай ғана демалыс орны емес, нағыз шытырман оқиғаларға толы қызықты мекен. Оқушылардың айтуынша, лагерьдің үшінші ауысымы олар үшін ең қызықты сәттердің бірі болды.
СНХ: ГҮЛІМ ЖАНАР, ЛАГЕРЬГЕ КЕЛУШІ: Маған өте ұнайды. Анда қызықты ойындар ойнаймыз, кітапханаға барамыз, тамақ ішеміз, ойнаймыз. Сосын мен лагерьге үзбей барамын. Өйткені анда өте қызықты. Мен анда күнде баруға дайынмын.
РКС: Жазғы лагерь тек демалып, ойын-сауық құрумен шектелмейді. Мұғалімдер балаларға танымдық ақпараттық сабақтар да өткізді. Мектептің кітапханашысы «Ертегі әлеміне саяхат» шарасын ұйымдастырып, балаларды ертегі әлемімен таныстырды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.