ДИКТОР: Ақмола облысында реновация бағдарламасы қарқын алды. Мәселен, Макинск қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлердің орнына әрқайсысы 60 пәтерден тұратын заманауи көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жоба «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

РКС: Реновация бағдарламасы апатты әрі тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңғыртып, қаланың сәулеттік келбетін қайта қалыптастыруға бағытталған жоба. Жаңа тұрғын үйлер қазіргі заманның жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай салынуда. Құрылыс алаңына 40-тан астам маман мен 10 техника жұмылдырылған. Жобаның іске асырылу барысын аймақ басшысы Марат Ахметжанов арнайы барып тексерді. Ол бұл игі бастама аудан орталығының тұрақты дамуы мен халықтың өмір сапасын жақсартуға зор үлес қосатынын атап өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл енді рееновация тек қана Макинскте ғана емес, облыс бойынша өте жақсы деңгейде іске асырылып жатыр. Ал енді Макниске келетін болсақ, бұл жердің өзінің бір ерекшелігі бар. Өйткені, биыл су тасқыны кезінде бұрыннан, көп жылдан бері тозған үйлер бар бұл жерде. Бүгінгі таңда 53 үй жарамсыз болып танылып отыр, біздің сараптамалар бойынша. Сондықтан осы тұрғындарды жақсы баспанамен қамту мәселесін іске асыруда осы реновация бағдарламасына сүйеніп, екі 60 пәтерлік 120 пәтері бар үйдің құрылысын бастап кеттік. Жылдың аяғына дейін осы құрылысты бітіріп, 120 пәтерді Макинск қаласының тұрғындарына баспана ретінде тартуға дайынбыз деп ойлап отырмыз.

РКС: Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген соң, 53 пәтер апатты үйлердің тұрғындарына табысталады. Тағы 3 пәтер әріптестік аясында «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына беріледі. Ал қалған 64 пәтер Макинск құс фабрикасы мен жылу оқшаулағыш зауыты өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында сатып алып отыр. Аудан тұрғындарының жаңғырту бағдаралмасына ризашылығы шексіз.

СНХ: ШАХМАН ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізге Бұланды ауданында Макинск қаласында «Реновация» бағдарламасы бойынша екі үлкен үй салынып жатыр. Үйде 60 пәтерден болады. Бұл біз үшін қте қуанышты жағдай. Біздің ауданымыз сулы жерлер болуының себептен үйлердің көбі аварийный болып түр бүгін. Сол себептен очередьте тұрған адамдардың саны 1000-нан асып кетті. Биыл мәне осы салынып жатқан үй 120 пәтер салынады. Қазір халық қуанып отыр. Құдай қаласа үйлерді алады. Өте қуанышты жағдай. Рақмет!

РКС: Жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталады деген жоспар бар. Айта кетейік, өңірде апатты жағдайдағы тұрғын үй қорын жаңарту, қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту, сондай-ақ спорт және балалар ойын алаңдарының санын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде заманауи әрі жайлы тұрғын үйлер Щучинск қаласында бой көтеріп үлгерді. Көкшетау, Макинск және Аршалыда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ