ДИКТОР: Елімізде утилизациялық алым есебінен «Жасыл даму» акционерлік қоғамы арқылы жеңілдетілген несиелер берілуде. Мемлекеттік қолдау тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен тасымалдау бағытында жұмыс істейтін компанияларға көрсетілуде. Дәл осы жоба Степногорск қаласында сәтті жүзеге асуда. Шаһардағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, шығарумен айналысатын «Шебер Спецмаш» серіктестігі жеңілдетілген несиеге қоқыс таситын осымен екінші жаңа көлік сатып алды. Жалпы сомасы шамамен 50 миллион теңгелік несиені компания жылына 3 пайыз мөлшерлемемен 15 жылда өтеуі тиіс. Төлемдерді 2 жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі де бар. Жалпы, еліміз бойынша техникалық паркті жаңартуға қатысты бүгінде 67 жоба мақұлданды. Оның 43-і қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуге бағытталған.