ДИКТОР: Жақсы ауданының 26 білім беру ұйымы автономды жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Барлығы көмірмен жылытылады. Қазір алдағы жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр.
РКС: Былтыр Чапаев ауылындағы, сондай-ақ Жақсы ауылындағы №1 мектептің 12 метр жылу трассасы жөнделді. Аудан мектептерінде 4 жылыту қазандығы сатып алынып, ауыстырылды. Оның екеуі Жақсы ауылындағы мектептерге орнатылды.
СНХ: ЕРБОЛ АЙТЖАНОВ, ЖАҚСЫ АУЫЛЫ №1 МЕКТЕБІ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Үш котел тұр қазір. Бір котел былтыр қойылды. Шілде айының аяғында тамыз айының басында көмір әкелінеді. 580 тоннадай көмір кетеді сезонға. Бір тәулікте 3-4 тоннадай көмір кетеді. Ауа райына байланысты. Мектебіміз жылы. Котелдармен ешқандай проблема жоқ.
РКС: Қазір Подгорное және Чапаев ауылдарындағы мектептерде, сондай-ақ оқу-өндірістік комбинатындағы қазандықтардың мұржаларын ауыстыру жоспарланған. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Жақын арада жеткізіліп, орнатылмақ. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары қалыпты режимде жалғасуда.
СНХ: БАУЫРЖАН ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жақсы ауданындағы 19 мектеп пен 3 балабақшаның бәрі автономды жылытылады. Бүгінде көмір сатып алуға келісім-шарт жасалды. Қостанай жылу тарату компаниясы жеңіп алды. 5889 тонна көмір жеткізу осы аптада басталады. Сондай-ақ, екі мектепте екі қазандықты ауыстыру жоспарланған. Конкурстар өткізілді. Қазандықтарды жеткізу мен орнату 5 тамызға дейін жоспарланып отыр.
РКС: Жылыту маусымына Ғұбайдолла Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 400-ге жуық тонна көмір қажет. 2017 жылы бұл білім ошағында жаңа қазандық орнатылған. Ал Қабдеш Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінде тамыз айында блок-модульді қазандық қою жоспарланып отыр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ