ДИКТОР: Облыста жазғы маусым қызған шақ. Аймақтағы негізгі курорттық аумақтар еліміз бен тысқары жерлерден келген қнақтар мен туристерге толы. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және демалыс үшін қолайлы жағдай жасау «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында негізгі мәселе ретінде талқыланды. Туризм саласына байланысты өзге де қаралған тақырыптарды тыңдап қайтқан тілшіміз баяндасын.

РКС: Кеңесте бірнеше мәселе талқыланды. Күн тәртібіне суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, демалыс орындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өңірдегі жалға берілген суға шомылу аймақтарына тұрғындардың кіруіне қатысты заңдылықтың орындалуы және «Бурабай» курортты аймағының брендбугына байланысты сауалдар шығарылды.

СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Барлық өзекті мәселеге өз тарапымыздан шамамыз келгенше жауап береміз. Ал біздің құзырымызға жатпайтын сауалдарды хаттамаға енгізіп, оның облыс әкімінің атына қызметтік хат ретінде жолдаймыз. Міндетті түрде барлық мәселенің шешіміне жетуіміз керек. .

РКС: Тұрғындардың су айдынының аумағына кіруіне қатысты сауал кәсіпкерлер үшін соңғы кездері аса маңызды әрі өзекті болып отыр. Облыс бойынша кәсіпкерлік субьектілерінің басқаруындағы ресми 68 суға шомылу аймағы бар. Қазақстан Респрубликасының Су Кодексіне сәйкес әр адам су айдынын демалыс, балық аулау және туризм бағытында, егер ол бизнеске еш қатысы болмаса және заңды бұзбаса тегін пайдалана алады. Бірақ, кәсіпкерлердің кейбірі қоланыстағы заңнаманың талаптарын орындап отырған жоқ. Сондықтан, оған халық наразы.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Су Кодексінің 17-ші бабы бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәрінде бірде бір кәсіпкерлік субьектісі су айдынына бару үшін Қазақстанның кез келген азаматына келтіруге құқығы жоқ деген ақпарат өте көп жарияланып жатыр. Бірақ, бұл жерде бірнеше ерекше факторды ескеру қажет. Кәсіпкерлер аталған шомылу аймағын тазалап отырады. Тікелей көрсетілетін қызмет түрлері бар. Ал оның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Біз бүгін өз тарапымыздан осы мәселеге қатысы бар, нақты түсінік бере алатын мемлекеттік органдарды шақыруға тырыстық. Өз тарапымыздан біз бизнес субьектілеріне ұсыныс береміз. Олар өздерінің суға шомылу аймағында ақпараттық тақтайша орнатулары керек. Сол жерде әр азамат шомылу аймағына кірген кезде төлейтін төлемі жеке басына емес, таза әрі жайлы аумақты, биодәретхананы, жағажайдағы арнайы жатын орынды пайдаланғаны үшін өтейтіні жазылуы тиіс.

РКС: Бұл мәселе жауапты орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен республикалық дөңгелек стол басындағы жиында қаралады, -деп атап өтті мамандар.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ