ДИКТОР: Ақмола облысының аумағында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталған шара аясында жойқын жер сілкінісі кезіндегі әрекетке азаматтық қорғау күштерімен басқару органдарының дайындығы пысықталды. Оқу-жаттығу жиынына облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің құрамы, полиция, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылды.
РКС: Оқу-жаттығу мейлінше шынайы төтенше жағдайға жақын болғанын айта кету керек. Сценарий бойынша жер сілкінісінің салдарынан ғимараттар қирап, үйінді астында адамдар қалып қойған. Шұғыл қызметтер апатты-құтқару және іздестіру жұмыстарын пысықтауда.
СНХ: ӘМІР АМАНГЕЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ОФИЦЕРІ: Ағымдағы жылдың 23і мен жиырма төртінші шілде аралығында республика аумағында Жер 2025 республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы өткізілуде.Бұл оқу жаттығудың басты мақсаты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын.Жойқын жер сілкінісі туындаған кезде іс қимылдарға дайындау бұл оқу жаттығу екі кезеңнен тұрады, қазіргі таңда бізде екінші кезең өткізілуде.Екінші кезең барысында жойқын жер сілкінісі туындаған жағдайда осындай құрылыстардың ішінен іздеу құтқару жұмыстары және авариялық құтқару жұмыстары жүргізілуде.Бұл оқу жаттығуға қазіргі таңда жедел құтқару жасағының қызметкерлері, кинологиялық қызмет және полиция қызметкерлері және медициналық қызметкерлер қатысуда.
РКС: Кинология қызметінің жұмысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қызметтік иттер үйінді астында қалған зардап шегушілерді іздестіруге жұмылдырылады. Жануарлар бір тәулік ішінде адамның иісін сезуге қабілетті,-дейді мамандар.
СНХ: ҚАНАТ ЖҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ОТРЯДЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫ-КИНОЛОГЫ: Төтенше жағдайлардың салдарын кинологиялық қызметпен, иттермен пысықтаймыз. Біздегі қызметтік екі ит түрлі үйінділердің астында жұмыс істейді. Адамның иісін иттің өзі анықтайды. Адамды іздеген кезде оның иісі сол жерде қалып қояды. Егер адам жарақаттанып қалса, денесі зақымданса, иіс 24 сағат бойы сақталады. Өйткені қан көпке дейін қалып қояды. Осылайша иттер адамдарды іздейді.
РКС: Мұндай оқу-жаттығу жиындарын өткізу шұғыл қызметтердің анық әрі үйлесімді әрекетті шынықтыру үшін аса маңызды. Шын мәнінде төтенше жағдай орын алса, Ақмола облысының құтқарушылары оқиға орнына жедел шығып, кәсіби көмек көрсетуге дайын болады.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ