ДИКТОР: Кеше Бурабай баурайында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінінің республикалық слёті басталды. Үш күн бойы елдің түкпір-түкпірінен келген болашақ мамандар көшбасшылық қабілеттерін дамытып, тәжірибе алмасады. Бұл шара жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

РКС: Слет Қазақстанның барлық өңірінен жүзге жуық үздік колледж студенті жиналды. Мұнда сарапшылармен мотивациялық кездесулер, шеберлік сағаттары, интерактивті бөлімдер мен практикалық тапсырмалар қарастырылған. Слёт – жастардың көшбасшылық қасиеттерін, өзін-өзі таныта білу қабілетін, креативті ойлауды және қазіргі еңбек нарығында қажетті дағдыларды дамытуді көздеп отыр.

СНХ: АЛТЫНАЙ АТИНА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Акмола облысы Кокшетау қаласының келіп тұрмым, Акан Сері жөғары мәдиниет колледжінің 3 курс аяйтадым. Эстрадалық ән мамандық аяқтадым. Ән айтамын. Топ - 100 байқауына жоба жаздым, менің жобам инклюзивті балаларға сабақ үйрету бойынша жазылған болатын сол жобамен мен топ-100 байқауымен жендім, мен бақытты бала Димаш Құдайбергеновтің байқауымның екінші орыны егерімен, жалпы көптеген Республикалық, Халықаралық денгейлердегі қатысамың. Болашақта әнші болғым келеді, жалпы инклюзивті балалармен әлі жұмыс жасап көрмедім, бірақ болашақта ойда бар, жалпы ұстаздық жолға баруым ойда бар.

РКС: Шараның ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Мәжіліс депутаттары қатысты. Бұл слет мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді.

СНХ: ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мысалы осыдан 10-15 жыл бұрынғы ағаш шебері, агроном мамандықтары бүгін түбегейлі өзгерген. Цифрлық элементтерді, жасанды интеллектіні кеңінен қолдану жұмысшы мамандықтары мен білім берудің өзгеше деңгейін ұсынып отыр. Бұрынғымен мүлдем ұқсамайды. Шынтуайтына келгенде қазіргі жұмысшы осыдан 20-30 жыл бұрын жоғары оқу орнын бітірген инженерден жоғары тұр. Деңгей басқа. Қазақстанда ашылып жатқан өндірістің заманауи түрлері дәл осындай санаттағы жұмысшыларды талап етіп отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сондықтан дәріптеу, керек қоғамға қажеттілігің болса, қоғам сенен пайда көрсе, сондықтан, мен ойлаймын, әрбір адамның өзінің қосатын дамытуға. Бәсекелі елдердің арасында қосуға, ол әрине адами қасиеттер керек. Қазақстан жер қойнауында байлығымыз мол, Менделеевтің таблицияның үлесі бар, бірақ та онымен емес, адами байлықпен. Қазақ жерін қазақ елін – біздің мемлекетімізді танымал қыламыз.

РКС: Слет аясында Қазақстанның барлық өңірінен келген білім беру ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Колледждер жұмысшы мамандықтарды дамытуға қосып жатқан үлестері туралы баяндап, студенттерінің жетістіктерін, оқыту бағдарламаларының бағыттарын көрсетті. Шараға қатысқан қонақтар еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы біліп, өзара тәжірибелерімен бөлісті.

СНХ: АСЛАН БАЯЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ШЕБЕРІ: Біз құрылыс құзыреттіліктері бойынша көрме ұсынып отырмыз. Плиткамен қаптау, дәнекерлеу технологияларын көрсетеміз. Виртуалды көзілдірік бар бізде. Бірінші курстың студенттері ол жерде дәнекеррлеу технологиясының алғашқы қыр-сырын меңгереді.

РКС: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті еңбек етуге дайын болашақ мамандарды болашақ мамандарды ғана емес, сонымен қатар белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыруға да зор үлес қосады. Ал ең бастысы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған нық қадам.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ