ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда халықаралық «Әлем қырандары» бильярдшылар қауымдастығының турнирі басталды. Бильярдтан 100-ге жуық спорт және еңбек ардагері бақ сынауда. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Аталған бильярдшылар қозғалысы елордада 2015 жылдың наурыз айында құрылды. Он жыл ішінде бильярдтан 40-тан астам халықаралық турнир ұйымдастырылды. Көкшетауда жалауын көтерген 41-ші турнирдің салтанатты ашылуына орай дәстүрлі әнші Кенжебай Мұқыш әсем әннен шашу шашты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ТҮГЕЛ САДЫБЕК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ӘЛЕМ ҚЫРАНДАРЫ» БИЛЬЯРДШЫЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Оның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, үлкендерге құрмет. Бұл 50 жастан асқан азаматтар арасындағы турнир бүгін. Бұл ең бірінші денсаулық, екінші – спорт, бәсеке. Үшінші – достармен кездесу. Алдымызда жоспарларымыз өте үлкен. Қазір Қазақстанда 50 команда құрылды. Мақсатымыз 2030 жылға дейін 100-ге жеткізу. Командалық жарыс өтеді алдымен. Одан кейін жеке біріншілік болады.
РКС: Бүгінгі турнирге 14 команда қатысуда. Оның ішінде Астана қаласынан – 4, Алматы мен Көкшетау қалаларынан – әрқайсынан 2 команда бар. Бұдан бөлек, Талдықорған, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Петропавл қалаларының құрамалары да өз командаларын жасақтап әкеліпті. Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасынан 7 спортшы қатысып жатыр.
СНХ: ТАЛАЙБЕК САМУДИНОВ, «ӘЛЕМ ҚЫРАНДАРЫ» БИЛЬЯРДШЫЛАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ (ҚЫРҒЫЗСТАН): Қырғызстан құрамасы ретінде осындай турнирлерге бес жыл бойы қатысып келеміз. Осы турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және қонақжайлылығын ерекше атап өткіміз келеді. Әрбір ойыншыға сәттілік тілейміз. Бұл – бильярд спорты бойынша ардагерлерге арналған өте жақсы қозғалыс. Біз қуана қатысып жүрміз. Қонақтарды қасиетті Қырғыз жерінде қарсы алуға қашан да дайынбыз.
РКС: Айта кетейік, бүгін басталған турнир шілденің 27-не дейін жалғасады. Жүлде қоры 2 миллион теңгеден асады. Келесі жарыс қыркүйек айында Омбы қаласында өтпек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.