ДИКТОР: Былтыр Жақсы аудандық ауруханасының жанынан «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Аталған орталықта 1,5-нан 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға кешенді медициналық көмек көрсетіледі. Тілшіміз жалғастырады.

РКС: Орталықта жеті ауданның балаларына медициналық қызмет көрсетіледі. Мұнда невропатолог, балалар реабилитологы, психолог, дефектолог, логопед мамандары жұмыс істейді.

СНХ: ЖАНАЙДАР ҚАЖДЕНБЕКОВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Күндізгі ем алу түрі бар және тәуліктік ем көрсету көзделген. Балалар емделуге 21 күнге келіп осында ем алады. Балалар мен ата-анасы келіп, орталығымызда жатып, ем алуға мүмкіндігі бар. Орталықты ашуға көмек берген «Қазақстан халқына» қоры арқылы орталығымыз ашылып, осы күнге дейін жұмыс жасап отырмыз.

РКС: Орталықта 20-ға жуық медициналық қызметкер жұмыс істейді. Олар балаларға күтім көрсету, сондай-ақ жарақат алған, инсульт немесе басқа да аурулардан кейінгі кезеңдегі науқастарға көмектеседі. Орталықта тұз бөлмесі, механотерапия, сенсорлық дене шынықтыру сияқты бөлмелері бар. Аталған орталыққа жақын маңдағы аудандардан да тұрғындар келіп, медициналық көмек алады.

СНХ: КРИСТИНА ТИМОШЕНКО, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Есіл ауданы Ақсай ауылынан келдік. Бізге сөйлеу дамуындағы кідіру диагнозы қойылды. Реабилитациядан өтуді ұсынды. Сөйтіп, осында келдік, бізге өте ұнайды. Тұз, шунгит бөлмесінен, электрофорез өтіп жатырмыз. Балалармен психолог жұмыс істейді. Бір апта бойы ем алып жатырмыз, балаларға өте ұнайды. Массаж алып жатырмыз. Үш айдан кейін осында қайта келеміз.

РКС: Аталған орталық Германия, Австрия, Қазақстан мен Ресейдің жетекші өндірушілерінің оңалту және физиотерапиялық құрылғыларымен жабдықталған. Медициналық мекеме 21 күндік қалпына келтіру курсын ұсына отырып, бір жыл ішінде 600-ге дейін баланы қабылдай алады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.