ДИКТОР: Ақмола облысында бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі аллюминийді балқытып, құрылыс саласына қажетті жабдықтар шығаратын зауыт. Қытай мен Сингапурлық инвесторлардан құралған жаңа компанияның құрылысы қазір қызу жүріп жатыр. Целиноград ауданының Қоянды ауылында бой көтеріп жатқан кәсіпорын – еліміз бойынша құрылыс жабдықтарын шығаратын жетекші өндіріс ошақтарының біріне айналады деген сенім бар. 9 мың шаршы метрлік аумақта жүріп жатқан құрылыстың барысымен танысып қайтқан тілшіміз Нұрсәуле Мұрат баяндасын.
РКС: Қояндының таң шапағы енді тек даланы ғана емес, болашаққа бастар үлкен үмітті де сәулелендіруде. Жасыл белдеу аясындағы бұл тыныш ауылда бүгінде үлкен серпіліс бар. Себебі дәл осы жерде еліміз үшін маңызды өндіріс ошағы — алюминийді балқытып, одан құрылысқа қажетті профиль шығаратын зауыт бой көтеріп келеді. Мұнда негізінен кірпіш зауыты, алюминий есік-терезе, су өткізбейтін құрылыс материалдарының зауыттары орналасады. 130 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деген жоспар бар. Инвестициялық жобаның құны 4 млрд.теңгеден асады. Болашақта зауыт шығаратын өнім ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспортқа да шығарылады деген үміт басым. Зауыттың ерекшелігі — экологиялық таза және энергия үнемдеуші технологиялар негізінде салынып жатқандығында,-дейді мамандар. Құрылыс аумағында қайнаған қызу еңбек. Қазір 30-дан астам жұмысшы мен 15 техника жұмылдырылған. Жұмысшылардың дені Қояндының тұрғындары. Бұл — өңір халқы үшін тұрақты жұмыс орны мен әлеуметтік қолдау көзі.
СНХ: БАЙДАШ НҰРСЕЙІТ, МЕРДІГЕР: Енді осы Қояндының ауылында біз мына зауыт алюминий профильнің өндірісін жасайын деп отырмыз. Осы жерде подрядный мекемеміз. Субподрядный мекемелерді қосамыз.Сонда адамдар қосылады. Бір 50 адамға барады.Қазір енді қаражат жағынан шешіліп бізге көмек жасалып жатыр. Соның арқасында бітіреміз Ең негізгісі оборудование. Соны әкеліп,міне дайын тұр.Қазір мәне үлкен цех тұр алдымызда. Цех плысовки дейді.Соны ертең болсын бастап мына бетонирование,покраскасының бәрін жасап, уже мына Қытайдың мамандары жинауды бастайды. Сол қалғанын біз жалғастыра береміз. Мына менің артымда тұрған фундаменттер бар,алюминийді ерітетін цехы. Бәрін дайындап соны құру басталады.
РКС: Жобаның ауқымы кең, мақсаты айқын. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны еліміздің құрылыс және өнеркәсіп саласына тың серпін бермек. Бұл зауыт болашақтың негізі, жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты дамудың тірегі. Жұмыс орны ашылса, жергілікті тұрғындарға тұрақты табыс көзі пайда болады. Кешегі ауыл — бүгінгі өндірістік хаб.
СНХ:АЙДЫН ТӨЛЕУБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БРИГАДИРІ: Осы құрылысты осы жылдың соңында береміз дегенді жоспарлап отырмыз.15 шақты техникамыз бар. Жұмысшыларға айлық уақытылы, жағдай жасалып отыр. Тамақтары уақытылы беріледі. Түскі ас, кешкі ас, киімдері барлығы уақытылы. Фирманың атынан.
РКС: Қояндының тыныс-тіршілігі енді жаңа ырғақпен соғады. Бұл жоба — өңір дамуына құйылған инвестиция ғана емес, ел экономикасының да жаңа белеске көтерілуіне жасалып отырған қадам. Зауыт құрылысы жыл соңында толық аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ