ДИКТОР: Жаңа оқу жылының басталатын кезеңі жақындап келеді. Әр ата-ана қазір баласын мектепке дайындаумен әлек болып жатыр. Қажетті құрал-жабдықтарға қазір сұраныс қызған шақ. Сұраныс бар жерде бағаның шарықтайтыны сөзсіз. Сондықтан, көпшілігі дәстүрлі тамыз жәрмеңкесін күтсе, кейбір отбасы мектепке дайындықты шілдеде бастап кеткен.

РКС: Мектепке дайындық әсіресе көпбалалы отбасыларға оңай соқпайды. Бір балаға кемінде 100 мың теңге көлемінде қаражат қажет болса, бірнеше баласы бар отбасы үшін бұл шығын еселеп артады. Ата-аналар бала болған соң алысып-жұлысып, киім-кешегін тез тоздырады. Сондықтан көп ретте оны тоқсан сайын жаңартуға мәжбүрміз,-дейді.

СНХ: ҚАМАР ЕСКЕНДІРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Мектепке биыл 3 балам барады. Жаздың басында ақырындап дайындала бастаймыз, себебі 3 бала деген оңай емес. Қазір заман талабына байланысты баға да өсіп жатыр. Сондықтан алдын ала дайындаламыз. Әр баланың өз қатарынан қалмай жүргенін қалаймыз. Әр баланың талғамы да ерекше, сондықтан біз өзіміз қалағандай, әпергендей оларға ұнамайды, сондықтан олардың өздерін жетектеп апарып, таңдатып, мода, стильге қарап алып береміз. Қыркүйекте әперген киім жаңа жылға дейін тозады. Біз жаңа жылда жаңартып, қайтадан аламыз киімді. Былтырғымен санағанда енді бір баланы орта есеппен 110-120 мың деп алсақ, екі балаға 240 мың, биыл енді баға өседі, 3 балаға жалпы 350-400 мыңға баруы мүмкін.

РКС: Жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, ата-ана қамқорынсыз қалған және әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасының балаларына арналған рес¬публикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Игі бастама аясында оқу құралдары, мектеп формасы, аяқ киім және өзге де қажетті тауарлармен қамтамасыз ету арқылы оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

СНХ: АЙГҮЛ ШАҚШАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 1-ші тамыздан бастап "Мектепке жол" акциясы басталатын болады. Бұл акцияның бірінші мақсаты бірінші сыныпқа баратын балаларға көмек беріледі. Осыған орай біз барлық білім ұйымдарына, меценаттарға хат жолдаймыз. Акцияға кіретін балалар тізімі 25-ші шілдеге дейін әр аудан бойынша жасалады. Осы акцияға қосылу,қайырымдылық жасау бойынша қолдау көрсету. Бүгінгі күні облыс әкімінің орынбасарының қолымен "Мектепке жол" акциясының жоспары бекітілді.

РКС: Айта кетейік, аталған акцияның игілігін көпбалалы отбасылардың көбі көре бермейді. Себебі аталған кө¬мек¬ке қол жеткізу үшін жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен тө¬мен болуы тиіс. Бұл талап, өкінішке орай, бірқатар отбасыны аталмыш көмектен тыс қалдырып отыр.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ