ДИКТОР: Көкшетауда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында «Интернет алаяқтыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараны «Заң және Тәртіп» бағдарламасы аясында облыстық ішкі саясат басқармасы, полиция департаменті мен Қазақстан Халық партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Байқауға қатысу офлайн және онлайн форматтарында жүргізілді. Ұйымдастырушылар өскелең ұрпақтың интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыруды мақсат еткен. Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ интернет-алаяқтық мәселесіне қоғамның назарын шығармашылық арқылы аудару. Табиғат аясында байқауға қатысқан әр оқушының ұшқыр ойы мен қиялы көркем бейнеленген туындыларға енді.
СНХ: АСХАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бейнелеу өнерін салу арқылы кішкентай жас балаларға “Алаяқтарға жол жоқ”деген тақырыпты насихаттап, халықтың заңдарын жинап, бәріне түсіндіріп, алаяқтармен қалай күресу іс-шараларын өткізуге сонымен осы кеш араны орнатудамыз, өткізіп жатырмыз.
СНХ: АРМАН ТАСТАМБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Заң және тәртіп" қағидаты аясында балалар арасында "Алаяқтыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет салу байқауы өтіп жатыр. Бұл іс-шараның мақсаты-жас ұрпақтың саналы көзқарасын қалыптастыру.
РКС: Балалар өз қиялдары мен шеберліктерін қағаз бетіне түсіріп, полиция қызметіне деген құрметтері мен қызығушылықтарын ерекше шабытпен бейнеледі. Алаяқтықпен күресті ерте бастан түсінуге тырысып жақтан қатысушылар алғыстарын жеткізді.
СНХ: АЙЛИН МҰҚАШЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгін мен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы бейнелеу өнерінің байқауына қатысып отырмын. Ұйымдастырушыларға алғысымды жеткізгім келеді.
РКС: Шара соңында байқауға қатысушылардың барлығына облыстық полиция департаменті бастығының алғыс хаты табыс етілді. Ал байқау жеңімпаздарына 10 домбыра табысталды.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ