ДИКТОР: Жыл басынан бері елімізде 30 мыңға жуық азамат «Отбасының цифрлық картасы» арқылы әлеуметтік көмек алды. 27 мыңнан астам адам өтінішсіз жәрдемақы тағайындау жүйесін пайдаланған. Ақмола облысында 770 мыңға жуық адам цифрлық жүйемен қамтылған. Деректер базасы жүктілікке және босануына байланысты төлемді, сонымен қатар көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларға дейінгі әлеуметтік қолдауды тағайындайды.
РКС: Қазақстанда «Отбасының цифрлық картасы» 2023 жылдың қаңтарынан бастап енгізілді. Бүгінде ол мемлекеттік 70 органның мәліметтерін біріктірген ақпараттық жүйе. Жүйені енгізудегі мақсат – әлеуметтік көмекке шын мұқтаж азаматтарға жәрдемақыны автоматты және проактивті тәсілмен тағайындау. Отбасының құрамы, табысы, баспана жағдайы, сондай-ақ медициналық және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі туралы мәліметтер негізінде жүйе «отбасылық портретті» қалыптастырады.
СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысында 770 мыңға жуық адам тұрады. Олар отбасыларға бөлінген. Тұрмыс деңгейін айқындау тәсіліне сәйкес олар 5 санатқа бөлінеді. А – ауқатты, В – қанағаттанарлық, С– әлсіз қамтылған, D – дағдарыстық, Е – шұғыл көмекке мұқтаж. Мемлекет D және Е санатындағы отбасылармен белсенді жұмыс жүргізуде. Біз аталған отбасылардың барынша ауқаттылардың санатына ауыстыруға атсалысамыз.
РКС: Аймақта «дағдарыстық» және «шұғыл көмекке мұқтаж» санатына жататын 50 мыңнан астам отбасымен жұмыс жүргізілуде. Бұл дегеніміз өңірдегі жалпы тұрғындар санының 20 проценті.
РКС+ГРАФИКА: Мамандардың мәліметіне сәйкес отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдауды алуға құқығы бар азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Мысалы, сәби дүниеге келгендегі және бала күтімі бойынша жәрдемақы, жұмыссыз қалған кезде атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдер автоматты түрде тағайындалады. Кейін азаматқа 1414 нөмірінен өтініш бермей-ақ жәрдемақыны рәсімдеу туралы СМС-хабарлама келеді. Азамат келісім бергеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалып, банктік есепшотына бірден аударылады. Отбасының әлеуметтік мәртебесі өзгерген жағдайда жүйедегі мәліметтер де автоматты түрде жаңарып отырады.
ГРАФИКА:
1. Жүйе көмек алуға құқығы бар отбасыларды автоматты түрде анықтайды (сәбидің дүниеге келуіне, баланың немесе мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы, жұмыссыз қалу, атаулы көмек және тағы басқалары)
2. Азаматқа бірыңғай 1414 нөмірінен СМС келеді
3. Азамат келісім берген соң төлем тағайындалып, банктің есепшотына аударылады
4. Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгергенде жүйе мәліметтерді автоматты түрде жаңартады
РКС: «Отбасының цифрлық картасы» жәрдемақының 9 түрін алуға мүмкіндік береді. Оның бәрі автоматты түрде тағайындалады. Енді азаматтардың арнайы барып, құжат тапсыруы міндетті емес. Жыл басынан бері жүйеге жерлеуге байланысты бір реттік төлем мен зейнетақыға қатысты ескертпелер қызметі қосылды. Жаңа жүйе қолдауға қолжетімділікті қысқартумен қатар, ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де азайтпақ.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ